Телевизиялық станция телевизиялық
хабар тарату бағдарламаларын дайындауға арналған немесе (және) оларды
радиотолқын құралдарымен (Теледидардың
келесі қабылдау мақсатында) таратуға
қызмет ететін құрылғылар мен жабдықтардың кешені. Телевизиялық станция –
телевизиялық таратушы желінің негізгі звеньелерінің бірі. Телевизиялық станция
әдетте телевизиялық орталық (телеорталық) деп аталатын бағдарламалық және таратушы (ретрансляциялық
деп те аталады) болып бөлінеді; бағдарламалық т.с-ны таратушы т.с-мен бірлесіп
орнатады, бұл жағдайда екі телестанция да жиынтық термині ретінде таралады.
Телеорталық дегеніміз – телевизиялық бағдарламалар
құрылатын телевизиялық таратушы желінің бастапқы звеносы. Телеорталықтың
техникалық базасының негізі – аппараттық-студиялық комплекс. Оған сәйкес
техникалық аппараттары бар телевизиялық станция, кинофильмдер телевидениясы
бойынша таратуға арналған және телевизиялық бағдарламалар сигналдарын магнит
лентасына жазуға және ойнатуға арналған
жабдық, байланыстың қалааралық линиясы бойынша басқа телеорталықтардан
келіп түсетін ағымдағы бағдарламаларды
қосуға арналған аппаратура және өз бағдарламаларын басқа телеорталықтарға
таратуға арналған аппаратура кіреді. Сигналдарды студиялық немесе орталық
аппараттық (2,3 суреттер) станциялардан ауыстыру әртүрлі түрдегі таратудың
тіркесімен кез келген тізбекте жүзеге асыруға болады.
4 сурет 1
Телевизиялық студия (4-сурет) бірнеше ондаған метрден бірнеші мың м2-қа
дейінгі дыбыспен оқшауланған бөлмеден тұрады. Дыбыстың керекті акустикалық
сипаттамаларын қамтамасыз ету үшін студияның қабырғасын және еденін дыбысты
жұтып алатын материалдармен қаптап қояды.
Студия жарық беру жүйесімен жабдықталады (қазіргі заманғы студияларда
жарық берудің жылдам ойнатылуын қамтамасыз етілетін бағдарламалық басқарумен
жабдықталады). Жарық беруші аспаптармен бөлінетін жылуды шығару үшін студияны
ауаны желдететін мәжбүрлі вентилляция жүйесімен
жабдықтайды.
Студияның жанында (әдетте екінші қабат деңгейінде)
режиссер мен дыбыс операторының жұмыс орны бар режиссерлік аппараттары бар
бөлме орналасады. Оны студиядан дыбыс
өткізбейтін әйнекпен бөлектеп қояды, сол арқылы режиссёр студияда не болып
жатқанын көреді, диспетчерлік байланысты қолдана отырып режиссёр мен
телевизиялық таратушы камералардың
операторларының ассистенттерінің жұмысын басқарады. Бір мезетте ол бейнебақылау құрылғыларының
экранында телекамерамен берілетін кескіндерді бақылайды , және камераны хабар
таратуға ауыстырып қосады.
Режиссердің аппараттық студиясының жанында студиялық
техникалық аппараттық студия орналасады, онда телекамерадан келіп түсетін
телевизиялық сигналдарды түрлендіруге және күшейтуге арналған негізгі жабдық
орналасады. Негізгі жабдық студияда
қозғалмалы тележкада (штативте) орналастырылады және аппараттық көп өзекті
кабельдің жабдығымен жалғанады.
Студияда және аппараттық бөлмеде телевизиялық
кескіндерді дыбыстық сүйемелдеу сигналдарын алуға арналған жабдық болады.
Студиядан
хабар таратқанда телевидениенің ерекшеліктерін есепке ала отырып және
телевидениенің техникалық құралдарын пайдаланып көрсетудің жағымды жағдайлары
құрылады , репетицияны көп мәрте өткізу мүмкіндігі бар. Әдетте студиядан хабар
таратулар әртүрлі фотографиялар, жазулар
мен алдын-ала магнит лентасына жазылған не болмаса кинопленкаға түсірілген
сюжеттер көрсетілімімен толығады. Осындай техникалық мүмкіндіктер жаңалықтар таратқанда, ғылыми-танымдық және
басқа да хабарлар таратқанда кеңінен қолданылады. Телевизиялық студияның ішінде
әртістердің бөлмелері, гример бөлмесі, костюм бөлмесі, бутафорлық және қылқалам
шеберлері және т.б. көмекші қызметшілердің бөлмесі болады, олар актерлер мен
декорацияларды хабар таратуға дайындау үшін қажет.
Кинофильмдерді таратуға арналған жабдық
телекиноаппараттық бөлмеде орналасады. Телекинотаратқыштар телекамерамен
оптикалық байланысады. Олардағы кинопленканың қозғалысы таратушы камерадағы
электрондық сәуленің қозғалысына синхронды және синфазалы болады. Кескіндердің
сигналдарын жазуға және ойнатуға арналған
жабдық бейнемагнитофондық аппараттық бөлмеде орналастырылады. Телекиноаппараттық
және бейне магнитофондық аппараттық бөлмесінің саны және жабдықтардың саны осы телеорталықтың хабар тарату көлеміне
тәуелді болады. Телеорталықтарда жабдықтардың үштен кем емес комплектісі
орнатылады: екеуі – фильмдер мен жазбалардың үздіксіз алдын-ала көрсетілімі
үшін, ал үшіншісі- резервтік жабдық. Қазіргі заманғы телеорталықтың құрамында
өзіндік киносъемкалар мен фильм өндірісін өткізуге арналған жабдықтар болады.
Осындай киносъемкалар бірінші кезекте
әртүрлі хроникалық хабар таратуға, мысалы соңғы жаңалықтарды дайындауға керек болады. Ірі телеорталықтарда көркем фильмдердің кинотүсірілімі болады,
сондай-ақ басқа телеорталықтардың кинобағдарламаларымен алмасуға арналған фильм
көшірмелерінің тираждау жүргізіледі. Кинофильмдер мен магниттік жазбаларды
сақтау үшін арнайы фильмотекалар мен сақтау қоймасы бар.
Телевизиялық станцияның құрамында редакторлық және
режиссерлік және басқа да бағдарламаларды дайындаумен, құраумен және олардың
таратылуымен айналысатын мамандарға арналған бөлмелер болады.
Студиядан тыс
хабар таратылуын өткізу үшін болып жатқан оқиғалар орнынан (мысалы, театрдан,
стадионнан және т.б.) телеорталықтың құрамына қозғалмалы телевизиялық
станцияларды қосады.
Студиядан тыс хабар
тарату кезінде камералар әдетте объектіден үлкен арақашықтықта болады және
орнынан қозғалмайды. Сондықтан әртүрлі пландағы кескіндерді тарату үшін
камералар әртүрлі фокустық қашықтықтағы (30-50 мм-ден 1 м-ге дейін) объективтер
жиынтықтарымен жабдықтайды, ал камераның
«наезд» эффектісін тудыру үшін айнымалы фокустық қашықтықтағы объективпен
жабдықтайды. Кинофильмдер мен
бейнемагнитофондарды таратуға арналған қозғалмалы телестанциялар бар. Олардың
қолданылуы толығымен аяқталған хабар таратуды аппараттық-студиялық кешеннің
стационарлық жабдығын шақырмай-ақ қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бейнемагнитофондық қозғалмалы аппараттық жабдықтар
оқиғаларды шұғыл түрде жазып алу үшін (қозғалмалы телестанциямен бірге)осы
жазбаны жаңалықтар бағдарламасында тарату мақсатында пайдаланылады.
Студиядан тыс хабар таратулар пунктінде телевизиялық
жабдықтар стационарлы орнатылады, бұл оның жұмысқа дайындық мерзімін
қысқартады.
5 сурет
Таратушы
станция (5-сурет) — телевизиялық
таратушы желінің Жердің беткі қабатына таралатын радиотолқын түріндегі
кескіндердің сигналдарын таралуын қамтамасыз ететін және дыбыстық сүйемелдеуін қамтамасыз ететін соңғы
звеносы. Таратушы телестанцияның құрамына
оған (фидерге) жалғанған антенналық тірекке – телевизиялық мұнараға (немесе
мачтаға) бекітілген таратушы
телевизиялық антенна, (көбіне жай ғана телевизиялық радиостанция деп атайды)
телевизиялық радиотаратқыштар және сәйкес бақылау-өлшеу аппаратурасы кіреді (6-сурет).
6 сурет
Жоғарғы
тіректің бар болуы таратушы теледидар станциясының кешенді түрде пайдалануға
мүмкіндік береді: таратушы теледидар станциясының құрамына әдетте метрлік
диапазон толқынында жұмыс істейтін радиотаратушы таратқыштар енгізіледі;
таратушы телестанция мен телеорталықтарының
бір алаңқайда бірігіп орналасуы кезінде телевизиялық тірек қозғалмалы
телевииялық станцияның радиолиниясының қабылдау антеннасын орнатуға
пайдаланылады; тіректе радиорелейлі байланыстың қалааралық линиясының
антенналары орналастырылады, метеоқызметтерінің жоғары датчиктері орнатылады
және т.с.с.
1-сурет. Телевизиялық станциясының құрылымдық
схемасы: РА- режиссерлік аппараттық бөлме; ТА-техникалық аппараттық бөлме; ТКА
– телекиноаппараттық бөлме; ЦА – орталық аппараттық бөлме;ВМА –
бейнемагнитофондық аппараттық бөлме; А – қалааралық аппараттық бөлме;
ПА — қозғалмалы телевизиялық станциядан келіп
түсетін сигналдарды қабылдауға арналған аппараттық бөлме; 1 — телевизиялық
таратушы камера; 2 — бейне режиссерінің пульті; 3 — микрофон; 4 — дыбыс
режиссерінің пульті; 5 —
күшейткіш-бақылау жабдығы; 6 — телекинопроектор; 7 — бейнемагнитофон; 8 —
коммутациялық-күшейткіш жабдық; 9 —
қалааралық радиорелейлік линиялардың қабылдау-тарату жабдығы ; 10 —радиорелейлі
линияның антеннасы; 11 — қалааралық
кабельдік линиялардың қабылдау-тарату жабдығы; 12 — сигналдар мен кескіндердің
радиотаратқышы ; 13 — дыбыстық сүйемелдеу сигналдарының радиотаратқышы; 14 —
кескін мен дыбыстың радиожиіліктік сигналдарын қосуға арналған құрылғы ; 15 —
радиотаратқыштардың таратушы антеннасы; 16 — Қозғалмалы ТС (ҚТС); 17 — ҚТС
радиолиниясының таратушы антеннасы; 18 — ҚТС радиолиниясының қабылдау антеннасы;
19 — ҚТС радиолиниясының қабылдағышы; 20 — портативті репортаждық телевизиялық
қондырғы; 21 — портативті репортаждық телевизиялық қондырғыдан сигналдарды қабылдағыш антенна
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!