Коммутатор
дегеніміз – техниканың әртүрлі салаларында керекті шығыс тізбекті (тізбектерді) кіріс тізбегімен (тізбектерімен) жалғауды жүзеге асыратын, қосу, өшіру және ауыстырып
қосуды қамтамасыз ететін құрылғы.
Компьютерлік
желідегі коммутатор – есептеу техникасы желісінің бірнеше түйіндерін немесе
сегменттерін жалғауға арналған құрылғы.
Телефон желісіндегі
коммутатор – абоненттік линияларды қолмен немесе автоматты түрде жалғауға
арналған құрылғы.
Телефон коммутаторы – абоненттік, байланыстырушы
және қала аралық телефон линияларын байланыстыруға (коммутациялауға) арналған
коммутатор, телефониядағы құрылғы.
Телефон коммутаторлары қолмен реттеу арқылы (коммутация қолмен, телефонистка арқылы жүзеге
асырылған) және автоматты (Автоматты
телефон станциясының көмегімен) болады. Қазіргі таңда IP-телефонияларға арналған программалық коммутаторлар да бар.
Телефон
коммутаторы
Сондай-ақ
стационарлық және әскери мақсаттарға арналған өрістік телефон коммутаторлары да
бар.
Қолмен басқарылатын
коммутатор
Қолмен басқарылатын
телефон коммутаторы сызықты комплектіден (СК) тұрады.Және баулық жұптан (БЖ) ,
сондай-ақ телефонистканың жұмыс орнынан (ЖО) тұрады. СК саны телефон
коммутаторына қосылатын линияның санымен анықталады, БЖ саны бір мезеттегі
сөйлесулердің орташа санымен анықталады (әдетте телефон коммутаторында 100-140
СК және 15-20 БЖ болады).
ЖО-да
телефонистканың абоненттермен сөйлесуін қамтамасыз ететін құралдар болады (бас
микрофон және көміртектес микрофон), сондай-ақ линияға шақыру сигналдарын
жіберуге арналған шақыру ток көзі болады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий