ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 9 сентября 2015 г.

«ОЙ АЗАБЫНАН ҚҰТЫЛУ» мен «ОЙДЫ АУЫЗДЫҚТАУ» «ЕРІК ЖІГЕРДІ ШЫНЫҚТЫРУ» «УКРЕПЛЕНИЕ СИЛЫ ВОЛИ»

2 қыркүйек Медитацияның көмегі
Ой деген -бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген - сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің -таусылмайтын кермиық.
медитация


Кез келген адамға өмірінен 10 күнді бөліп , бір семинар тренингке қатынаса қоюы оңай емес. От басыңның шаруалары, жеке басыңның істері, жұмыстағы міндеттерің бар дегендей.
Мен сол 10 күнімді “құрбан” етіп Медитация жасайтын семинар тренингке барып қайттым. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Алдымен мен оған бақандай 10 күн өмірімді қиып неге бардым?
8 класс бітіргенде маған класс жетекшім мінездеме жазып берді. Класта староста болдым, сабағым да жақсы. Бірақ мінездемеде жақсы жақтарымды көрсете келіп, “Неусидчив” ( класс жетекшім орыс әйел адам еді) деген сөзді жазып берді. Сол кезде оны онша түсіне қоймадым. Артынан түсінгенім ол «Ерік жігердің аздығы» «Отсутствие силы воли» деген сөз екенін ұқтым. Кейін келе осы жаман қасиетімнің кеселін көп көрдім. Одан құтылудың жолын кейінгі 20 жылдан бері іздеп келемін. Талай ғылыми кітаптар, ерік жігері мықты, өмірде биік биік белестерді бағындарған адамдардың өмір баянын зерттеп оқыдым.
Оған қоса Абай атам айтқандай “Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес”. Тез ашуланатын, ренішті ұзақ сақтайтын, кешірім жасай алмайтын, өткен өкініштерді естен шығара алмайтын дегендей кемшіліктерім толып жатыр.
Бішкектегі Семинар тренингке барған себептерім осы Ерік жігерді шынықтыру және басқа да жаман әдеттерімнен арылу мақсаты еді. Қандай пайдасы болды? Семинар тренинг не жайлы болды?
Семинар тренингтің басты мақсаты: Ойды ауыздықтау, ой азабынан құтылу, адамдарды кешіре білу, миыңды өткен өкініштерден, жаман ойлардан, пиғылдардан арылту әдістерін үйрету екен. Ол жағынан жақсы нәтижелер береді. Әрине 10 күннің ішінде ота жасағандай миыңды 180 градусқа бұрып бере алмайды. Ең бастысы ірге тасын қалап береді, ары қарай күнделікті таңертең кешке айналысу керек. Чудес не бывает!
Ал ерік жігерге де Медитацияның көмегі керемет. Ол үшін Медитация кезінде миға әсер етеді, мида қандай өзгерістер болып жатады, ми оны қалай қабылдайды, қандай химиялық процесстер жүреді соны түсініп, саналы түрде жасаса нәтижесі керемет!
Біз қазір өзіміздің офисте күнделікті медитация жасап жаттығып жүрміз. Ыбырай деген жігіт он шақты жыл темекісін тастай алмай жүр екен, қазір темекіні оп оңай тастап кетті. Таңертең 10 ға дейін ұйқтайтын, тербетіп оятатын балалар қазір күн сайын 5:30 да өздері тұрып, сағат 7:00 де офиске жиналып, сабақ тыңдайтын жағдайға оңай жетті.
Мен қазір басқа да ғалымдардың тәжрибелерін оқып, зерттеп және де өз басымнан, өз командамның адамдарынан басынан өткеріп барып, басқа да Қазақстандық бауыр қарындастарыммен бөлісетін жоспарым бар.
Көптеген адамдар мойындағандай кедейшіліктің басты кесірі ЖАЛҚАУЛЫҚ немесе Ерік жігердің аздығы. Сондықтан ерік жігерді күшейтсе көптеген жаман әдеттер мен қылықтардан (зиянды тамақтар ішіп денсаулыққа зиян келтіру, семіздікктен құтыла алмау, темекі, сыра, арақ шарап ішу, компьюер мен телефонға пайланып қалу, көп ұйқтау тб тб) құтылу да оңай болмақ.
Жақындарыңызбен бөлісе жүріңіздер, жаман әдеттен құтылудың оңай және тез жолы бар екені жайлы)))

Комментариев нет: