ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

вторник, 10 февраля 2015 г.

Транкингті байланыс

Транкинг («транк» сөзі  ағылшын тілінен trunk ) – түйін, діңгек, телефонияда бұл термин «магистраль» деген  мағына береді) қолданушылар арасындағы автоматты түрде бөлініп анықталатын байланыс арнасының жиынтығы. Әдеттегі жүйеде  А қолданушыларының тобына А арнасы бекітілген, В тобына В арнасы бекітілген және т.с.с. Егер А тобының қолданушысы  арна бос емес екендігін тапса , онда онымен ештеңе істей алмайсыз тіпті В арнасы бос болса да. Нәтижесінде өрт машинасы қырық минутқа кешігіп келеді, ал полицейлер тіпті де келмейді , себебі қылмыскерді ұстаудың еш мәні жоқ. Сондықтан, әдеттегі радиожелілердің жұмыс істеу ерекшеліктерінен  тек қана табыстан ғана айырылып қана қоймай, одан да маңызды нәрселерді құр жіберіп аласыз.
Транкингті жүйелерде (оларды  тең қол жетімділікті арнасы бар жүйе деп атаған дұрысырақ болады) бірнеше қолданушылар  қарайтын бір арнаның орынына осы жүйенің  барлық қолданушыларына қол жетімді арналар (стволдар, бағаналар) тобы болады.


Осы қолданушылардың біреуі байланыс сеансын жүргізгісі келсе ол автоматты түрде  кез келген бос арнаға «доступ» алады.
Байланыс аяқталған соң арна автоматты түрде басқа қолданушыға ұсынылады.
Транкингті жүйе  телефон линиясын ғана үнемдеп қана қоймай, радиоарнаны да үнемдейді. Желіге абоненттер оның қарауындағы, өкіміндегі арнаға қарағанда көбірек қосылған. Электронды жүйе кеңістіктегі абоненттердің орналасуын қарап, бақылап отырады , және оның өкіміндегі радиоресурстарды ең тиімді түрде анықтап бөледі.
Алыс емес объектілер тікелей түрде хабарласа алады. Анағұрлым алыс орналасқан объектілер дің байланысуы үшін базалық транкті жабдық қосылады.
Тек қалалық телефон желісіне  шығу үшін немесе басқасымен –ұялы байланыспен немесе транкингті байланыспен байланысу үшін жүйеде телефон линиялары мен станциялар жұмыс істейді. 
Транкингті жүйенің абоненті  өз өкіміне  сыртынан радиотелефонға ұқсайтын тасымалдаушы немесе автомобиль радиостанциясын алады. Олардың тек бір ғана айырмашылығы бар: жоғары қуатты, жеңіл салмақты  және төмен бағалы портативті транкингті радиостанциялар "Push To Talk" класына жатады , ағылшынша «Сөйлеу үшін бас». Сіз жіберу батырмасын басып сөйлеп жатқанда сіздің абонентіңіз тек тыңдауға мәжбүр, және ол сөйлегенде де сондай. Яғни бұл байланыс « сыпайы адамдар» үшін.
Бұл мәселе радиосигналдың бір мезетте қабылдау мен жіберілуін қамтамасыз ететін көптеген автомобиль радиостанцияларында  салмағын, өлшемі мен құнын аздап ұлғайту есебінен  шешіліп жатыр. Осындай әрбір құрылғының телефондағыдай бірегей              номері бар. Осы сәттен бастап қолданушы телефонмен сөйлесе алады немесе радиоарна арқылы басқа абоненттермен байланыса алады.
Оған бұған ешқандай барлық арналарды тыңдаудың керегі жоқ. Мұны жүйенің орталық контроллері жасайды. Арнайы басқарушы радиоарнамен ол тұрақты түрде бос арна мен ағымдағы қоңыраулар туралы ақпаратты беріп отырады.
Күту режимінде  радиостанция тұрақты түрде оған орнатылған, ал қоңырау келіп түскен сәтте контроллер автоматты түрде сізді  және сіздің абоненттеріңізді  бос арнға ауыстырып қосады.
Үнемдеуден басқа транкингті жүйе  мобильді жүйелердің  басқа жүйелерінде практикалық тұрғыдан қолжетімсіз болып табылатын қосымша мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынады.
Бұл алдымен желінің бірнеше абоненттері бір мезетте бір-бірімен  хабарласа алатын немесе бір-біріне бір хабарламаны ала алатын селекторлық байланысты жүзеге асыра алады.
Транкингті жүйеде дыбыстық қана емес, кез келген цифрлық ақпаратты , соның ішінде шифрланған хабарламалар мен компьютерлік деректер деректерін қосқанда жіберуге болады.
Транкингті жүйе ақпарат бөтен жаққа кетпейтіндей, тыңдаудан сенімді түрде  қорғалады, яғни конфеденциальды болуы мүмкін.

Транк – абоненттің шақыру уақыты 1 секундтан аспайтын ең шұғыл мобильды  байланыс. Транкингті желі сенімді , себебі алдыменен  шұғыл түрдегі қызметтерге – полицейлерге, жедел жәрдемге, өрт сөндіру қызметтеріне жасалып шығарылған.