ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

четверг, 31 марта 2016 г.

Сызықты тізбектер туралы

1 сурет — Электр тізбегінің шартты белгіленуі 
Электр тізбегі  —  электр тогының ағуына, жүруіне арналған элементтердің, құрылғының жиынтығы, ондағы жүріп жатқан электромагниттік процесстер ток күші мен кернеу ұғымдары арқылы сипатталады.

Шартты белгілердің көмегімен электр тізбегінің көрсетілуі электр схемасы (электр сұлбасы) деп аталады (1 сурет).

Электр тізбегінің жіктелуі
2 — Тармақталған тізбек
Тармақталған және тармақталмаған электр тізбектері
Электр тізбектері тармақталмаған және тармақталған тізбектер деп бөлінеді. 1 суретте қарапайым тармақталмаған тізбек схемасы көрсетілген. Оның барлық элементтерінде сол бір ток ағады, жүреді. Қарапайым тармақталған тізбек  2 суретте көрсетілген.
Онда үш тармақ пен екі түйін бар. Әрбір тармақта өзінің тогы жүреді. Тармақты тізбекті байланысқан элементтерден және екі түйін арасындағы құралған тізбек учаскесі ретінде анықтауға болады.Онда бірдей ток ағады.
Түйін дегеніміз 3 тармақтан кем емес тізбектердің тоғысқан нүктесі. Егер электр схемасында  ЕКІ линияның қиылысу орнында нүкте қойылса (2 сурет), онда бұл орында екі линияның электрлік байланысуы бар, егер    нүкте болмаса электр байланысы жоқ деген сөз.
Екі тармақ қиылысатын, басқа түйіннің жалғасы болып табылатын  түйін  құрастырылмалы немесе төмендеген түйін деп аталады.
Сызықты және сызықты емес тізбектер
Сызықты электр тізбегі дегеніміз – барлық компоненттері сызықты болатын тізбекті болатын тізбек. Сызықты компоненттерге тәуелді және тәуелсіз   идеалдандырылған ток пен кернеу көздері, (Ом заңына бағынатын)резисторлар , және басқа кез келген сызықты дифференциал теңдеумен сипатталатын компоненттер:  электр конденсаторлары мен индуктивтілік катушкасы жатады. Егер тізбекте жоғарыда аталып кеткен компоненттер жоқ болса онда бұл тізбек сызықты емес тізбек деп аталады.
Шартты белгілердің көмегімен электр тізбегін көрсетуді электр схемасы деп атайды.  Екі полюсті  компоненттен жүретін токтың кернеуге тәуелділік функциясын вольт-амперлік сипаттама  (ВАС/ ВАХ) деп атайды. ВАС-ны декарттық координатада графикалық тұрғыда көрсетеді. Абсцисса осінде кернеуді, ордина осінде токты көрсетеді.

Көбінесе Ом резисторларын ВАС сызықты функциямен сипаттайды және ВАС графигінде тік сызық болып шығатындықтан, сызықты функция деп атайды.
Сызықты тізбектерге тек қана ферромагнитті өзекшесі жоқ  резисторлар, конденсаторлар мен индуктивтілік катушкалары бар тізбектер жатады.

Комментариев нет: