Бәс тігу арқылы интернетте пайда табу.
Тәуекел түбі жел қайық, өтесін де кетесін, деген сөз қазіргі кезде тотализаторлар арқылы ақша табуға да қатысты айтуға болады.
Басынан айтып кетейін бұл жерде мен интернетте пайда табудың бір жолын ғана айтқым келеді, біз ешкімге үгіт жүргізбейміз. Бәс тігу арқылы пайда табуда, спорттық шараларға белсенді қызығушылық танытатын және олардың қыр-сырын жетік менгерген адамдар болғаны жөн, сонымен қатар ақшаны тәуекелге бел буу да оңай шаруа емес.
Бәстесу арқылы пайда табу көлемі өте жоғары. Бұған тұтас сайттар мен сілтемелі хаттар арналған. Спорттық шаралардың нәтижелерін алдын ала болжайтын бірнеше тегін және ақылы ақпараттардың түр түрі инетрнетте кездеседі. Бұл қызық әрі көп көңіл бөлуді қажет ететін интернеттегі ақша табу тәсілдерінің бірі! Бірақ барлығына келісе бермейді...
Спорттық тотализатор дегеніміз не?
Бәс тігудегі спорттық тотализатор- белгілі бір спорттық оқиғаға бәс қабылдайтын сервис. Бәс ақшалары сыйлық қорына кетеді де, одан жеңген оқиғаға бәс тіккен адамдарға, осы қордан бөліп береді.
Тотализатор мен букмекерлік конторлардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: тотализаторда жеңген кездегі өсімді ақыны біле алмайсыз,яғни тотализаторлар салынған барлық ақшаның белгілі бір пайызын өзінің қызметі үшін алып қалады да, қалғанын үлестіріп береді, демек тотализаторлар ешқашан тақырға отырмайды. Тотализаторда сіз тотализатормен емес сіз сияқты ойыншылармен бәс тігісесіз, ал тотализаторларға кім жеңетіні бәрі бір.
Букмекерлік контор дегеніміз не?
Интернеттегі букмекерлік контор- спорттық оқиғаға бәс қабылдап, ұтыс беретін сервис. Бұнда ұтыс алдын ала белгілі болады, әр оқиғаға коэффицент белгіленеді және жеңген жағдайда сіздің салынған ақшаңыз осы коэффицентке көбейтіліп беріледі.
Букмекерлерде пайда табудың қарапайым мысалын көрсетейік. Ат жарысты алайық. Егер бәс тігуші осы шабыстағы ең мықты деген атқа яғни фаворитке бәс тігіп осы ат жеңеді десе, ол аттың коэффициенті 1,2 дейік, бәсші 1000 теңге салса және ол ат жеңсе ол 1000*1,2 = 1200 теңге,200 теңге таза ұтыс болып есептеледі. Ал егер ол осы жарыстағы ең нашар ат яғни аутсайдер жеңеді деп бәс тіксе, оның коэффициенті 7,2 болады. Сонда осы ат жеңген болса ол 6200 теңге таза ұтыс алады! Бірақ екінші жағдайдың тәуекелділігі жоғары,демек бұндай жағдайдың болуының мүмкіндігі өте төмен...
Әрине егер сіз спорт пен спорттық бәс тігуге қызығушылық танытсаңыз, бұл туралы бұрын да білетін боларсыз. Бірақ біздер интернет арқылы үйден шықпай-ақ қалай бәс тігу туралы айтпақпыз.
Бәс тігу арқылы Интернетте қалай пайда табады?
Бәс тігуді сіздің ақша түсіру көздеріңіздін бірі ретінде қалай істеуге болады.
1-қадам. Барлық талабқа сай букмекерлік конторды әлде тотализаторды тауып, онда тіркеліп, авторизациялау керек. Ең танымалдары Buker.ru, Marathonbet.com. Buker.beast.kz
2-қадам. Бәстен пайда табуды бастау үшін счетіңізді толтыруыңыз керек. Ол үшінWebmoney, RBK-money, Z-payment электронды ақшаларымен немесе смс жіберу арқылы жасауға болады. Яғни сіз бұнда тіркелген кезде сіздің өзіңіздің счетіңіз де ашылады. Ең төменгі бәс көлемі көбіне 1 доллардан басталады.
3-қадам. Барлығын анализдеп алғашқы бәс тігуді жүзеге асыру.
Бәс тігуді үйреніп, қалай одан әрқашан пайда түсіруге болады?
Сұрақ күрделі сұрақтардың бірі, көп адамдар өзі сүйетін командаға немесе бір елдін құрама командасына салады және оны анализдеп жатпайды, бірақ нәтижесі өте нашар.Көптеген таныс,құрдастарым фудболдан еурокубок пен еуропалық чемпионаттарда көбіне сүйікті командасына немесе осы жеңеді-ау деп бәс тіге салады, олардын ұтқанынан ұтылған ақшасы көп, бірақ біреуінің бір көп ақша ұтқаны басқаларын да тәуекелге апарып, бұны жалғастыруға итермелейді. Олардың бар қатесі олар көп ақша табу үшін тәуекелі өте жоғары оқиғаға тігеді де кезекті ұтылыспен оралады.
Бәсті қалай тігу керек?
Біріншіден. Минимальды коэффициентті тұрақты бәс. Бұндай коэффициентті букмекерлік конторлар алдын ала белгілі,жеңетін матчтарға қояды, мысалы,алдыңғы орындағы команда соңғы орындағы командамен ойнағанда минимальды бәс қойылады. Осындай бір бәс қою арқылы аз ғана ұтуға болады, ал осындай тәуекелділігі төмен бәстердің бірнешеуіне қойсаңыз (экспресс), онда коэффициенттерді қосу арқылы біршама көбейтуге болады. Осылай ету арқылы коэффициентті көтересіз және тұрақты бәске қол жеткізесіз! Ақшадан айырылу мүмкіндігі бар, бірақ ол минималды...
Екіншіден. Онша тұрақты емес,табысы жоғарылау, орташа бәс. Бұндай бәс тігуден табыс тапқыңыз келсе, әрқашан спорт жаңалықтарын қарап жүруіңіз керек. Минималды бәстерде барлығы түсінікті, ал орташа бәстерді ойланып, толғанып, барлық жағдайларды таразылап барып тігу керек. Анализдеген кезде команданың өсу қарқыны, потенцалы, дайындығы, жаңадан ойыншыларды сатып алуы, бапкерлерінің ауысуы және т.б. факторларды саралау керек.
Үшіншіден. Нар тәуекел бәстер, шындығында «бағымды сынайын» деген бәстер. Бұндай жағдайды болжау өте қиын, тіпті мүмкін емес десек те болады. Бірақ мезгілдік матчтардың бәрін көріп, біліп жүрсеңіз... мүмкін, әлде бағыңыз жанып жатса әбден болады деймін J
Бұдан ақша табуды тек өзіңіз шешесіз, дүние жүзіндегі статистикаға сүйенсек, бәс тігетіндердің 5% әрқашан жеңіске жетеді екен, яғни бұлар бәс тігу арқылы ақша табуды күнделікті жұмысқа айналдырғандар. Кім білген мүмкін сіз де бәс тігудің майталманы болып шығарсыз.