Өз басым Қазақстанда көптеген мекемелер өз жалақыларын "Халық банкінен" алады деп ойлаймын. Банктің клиенттерінің көбісі жалақыларын көру үшін банкоматқа келеді. Мысалы, банкомат аудан орталығында орналасқан болса, ауылдағылар карточкасын біреуден беріп жібереді. Егер сіздің ауылыңызда интернет болса, сіз өз жалақыңызды үйде, ауылда жүріп-ақ тексере аласыз.
Ол үшін не істеу керек?
1. Халық банкінің мобильді банкинг деген қызметін қосуыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін. Яғни телефон номеріңізді банкомат карточкаңызға бейнелеп айтқанда "байлап" қоясыз.
Мобильді банкинг |
Содан соң ТЕЛЕФОНДЫ ҚОСУ (ДОБАВИТЬ ТЕЛЕФОНА) дегенді басасыз.
мобильді банкинг |
ХАБАРЛАМАСЫ ЖОҚ ПАКЕТ-ТІ таңдайсыз. Яғни мұнда айына ақша алмайды. Ал хабарламасы бар пакет дегеніміз - айына ақша жейтін пакет.
Сөйтіп ары қарай әрекеттегі номеріңізді жазып карточкаға "байлап" қоясыз.
Карточкаңыздағы номерді жазып суретте көрсетілген сандарды жазыңыз.
Сіздің "байлап" қойған телефон номеріңізге коды бар СМС келеді. Сол арқылы ары қарай жаңадан логин, пароль құрасыз да сол арқылы интернеттен қанша ақшаңыз бар, қай банкоматтан қай уақытта алдыңыз , осы ақпараттарды көре аласыз және де ұялы телефоныңызға бірліктер салуға да болады (Қазіргі таңда комиссия 50 теңге).
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!