әлеуметтік жобалар байқауы |
«Ең үздік әлеуметтік жоба!» Бүгін осындай атаумен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сайыс өтті. Бұл облыс көлеміндегі байқау. Жобасы жүлде алып, озып шыққандар республикалық байқауға қатысады. Игі шараны облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырып отыр. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қатысты.
Мүгедектерге қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру. Сонымен қатар олардың сауығуына мүмкіндік жасау. Мүмкіндігі шектеулі жандардың үздік ойларын қоғам қажетін жарату. Міне бұл осы жобаның басты мақсаты.
ҚАНЫБЕК АЙТЖАНОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биыл қазан айында Астана қаласында бүкіл қазақстандағы бірлестіктер үздік жобалар қатысатын болады. Соған міне біздің облысымызда ауадндарда өткен,соңғы конкурс өткізіп отырмыз.конкурсты ріктеу комиссиясы қоғамдық бірлестіктердің өздерінен құрылған. Бұл жобадан сіздер олардың өмірге деген құштарлығын көріп отырсыздар.
Осы байқауда аудандық сайста жеңіп шыққандар бақтарын сынады. Жалпы, бүгінгі байқауға сегіз жоба қатысты. Қазылар алқасының шешімімен мүгедек жандарға арналған жаттығу залын ашып отырған Елдос Қайыркенұлы бас жүлдені жеңіп алды.
ЕЛДОС БАЯЛЫШБАЕВ «АСАР» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ
Фитнес клуб, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған фитнес клуб туралы.трениро залдар аяққа тұрып кетуге мүмкіндік береді. Әр жаттығулар аяққа тұрып кетуге арналған. Кішкентай балаларды емдейміз, үлкен балаларды емдейміз. Бізде 5 тренер бар. Массажисміз бар.
Осы жолғы жоба жеңімпазы қазан айында өтетін республикалық сайысқа қатысатын болады. Ұйымдастырушылар мұндай тың жобалардың келесі жылы да өз жалғасын табатынын жеткізді. Айта кетелік, облыс көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 40-қа жуық бірлестік бар. Оларға облыс бюджетінен 20 миллион теңге бөлінген.