ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

суббота, 13 сентября 2014 г.

Мәдени күн: І.Жансүгіровтың 120 жылдығы тойланды- Жетісу жаңалықтары

Мәдени күн: І.Жансүгіровтың 120 жылдығы тойланды
ілияс жансүгіров
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе – ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?» - деп жырлаған І.Жансүгіровтың туғанына биыл – 120 жыл толды. Ақиық ақынның ақын тойын бүгін Ақсу, Сарқан, Алакөл жұрты бірлесе дүрілдете атап өтті. Дәстүрлі мәдени күндер байқауымен орайластырып өткен мерейтой ел жадында терең де тағылымды  мазмұнымен  есте қалмақ. 
Тағылымды той тағзым етуден басталды. Ақын рухына. Топ-топ адам. Шоқ-шоқ гүл қойды. Салтанатты жиын жалғады тойды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құттықтау хат жолдапты. Облыс әкімі А.Баталовтың құттықтауын орынбасары Серікжан Бескемпіров жеткізді. Келмегенмен ниетімен қолдапты. Әр ауданға атынан сыйлықтар тарту етілді. «Бұл 3 аудан ошақтың 3 бұтындай... Қазан ортақ, той ортақ,-деді Ақсулық қария. Баршасына батасын берді.
3 аудан 3 жерден көрме жайыпты. Алакөлде жұртты қарсы алды Ілияс ақын байыпты. Тойға келген ұлы Саят әкесін көргендей әсер алғанын айтты.
САЯТ ЖАНСҮГІРОВ – І. ЖАНСҮГІРОВТЫҢ ҰЛЫ
Сарқандықтар алаңды алмасымен аңқытты. Жас шеберлері көрмесімен көз қуантты. Ағаштан түйін түйген. Ы. Алтынсарин мектебінен.
ӘМІРХАН ДАРХАН – САРҚАН АУДАННДАҒЫ  Ы.АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ 
Ақсулықтар да ерекше. Үш төбе орнатыпты. Үш буын мақтан тұтар жетістіктерін паш етіп. Тұлғаларын даралап... Бастысы – бас ақыны Ілиясы. Бар қазақты тамсантқан.
ҰЛЖАЛҒАС ДҮЙСЕБАЕВА – АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Концерт стадионда өтті. Тақырып біреу. Тартылуы  түрлі. Алакөлдіктер тың идеяларымен алды. Сарқандықтар да тойға шашу шашты. Көрсетіп барды.Ақсулықтар асыр салды. Ат құлағында ойнап... Той иесі екендерін танытты. Ерекше дайындалып бағыпты. Таң- тамаша болды жұрт.
Соңында ас берілді. Ас та төк дастархан жайылып... Аруақ риза болар, ұрпақ ұғымы толар той өтті деп, риза болып тарасты жұрт.