Файлайырбастаудан пайда табу.
Интернетте ақша табуға жаңадан қосылушыллар үшін файлалмастыру ісі ең табыстыларының бірі десек болады.
Бұндай ақша табуға, интернетке ақша табуға жаңадан келгендер үйір, себебі бұнда қалай ақша табу керектігі мәлім, көрнекті. Біз арқашан интернеттен әртүрлі типтегі ресурстарды құйып аламыз(скачать)және олар тегін. Енді осы файлдарды біреулер интернетке орналастырса, онда оларға біреулер сол қызметі үшін ақша төлейді деген сөз. Осындай файлдарды интернетке орналастырушылар файлайырбастаушылар.
Файлайырбастау – қолданушыға оның файлдары үшін орын беріп, басқа қолданушыларға оны құйып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Бұндай жерге сіз де кірген шығарсыз. Бұнда негізінен фильмдер,музыкалар мен ойындарды орналастырады. Бұндай жерлерге қарапайым қолданушылар өз файлдарын орналастыра алады(жүктей алады)
Енді сұрақ, сонда сол файлдарды орналастырғаны үшін кім төлейді және файлайырбастаушы сервистерге бұдан қандай пайда?
Біріншіден. Екі жаққа да пайдалы. Қолданушы файлдарды файлайырбасқа орналастырады, файлдарды басқалар құйып алғаны үшін ақша алады,файлайырбастаушы премиум аккаунттан, яғни сол файлдарды құйып алуда күтпей,өте үлкен жылдамдықта жазып алу үшін ақы төлеу, және де сол файлдармен бірге өзінің жарнамасын жібереді. Қорытындысы бәрі разы, бәрі бақытты J.
Екіншіден. Файл арқылы интернетте пайда табу үшін өзіндік сайттың қажеті жоқ, Сіз файлды айырбастау сервисіне орналастырасыз да,одан сілтеме аласыз да Интернеттің әр жеріне орналастырасыз, осы сілтеме арқылы қолданушылар келіп жазып алады. Форум, әлеуметтік желілер т.б.
Яғни сізде мысалға «Түгенше» деген кино бар делік, сіз оны файлайырбастаушы «Пәленше» деген сайтқа тіркеліп, орналастырасыз, ол сайт сізге арнайы «кодты сілтеме» береді. Сіз оны форум,әлеуметтік желілерге т.б жерлерге орналастырысыз да, былай деп жазасыз: «Түгенше» деген кино бар, тегін, мына сілтемемен барда жазып ал, деп жазасыз. Сонымен қатар, әрине жұмысты жандандыру үшін ақылға салу керек,мысалы сіз сол киноның қысқаша мазмұнын жазып қоюыңызға болады. Халқымызда сөз бар емеспе: «Жылтырамаса, алтынды кім алады» , бұл осы іске де қатысты, ол файлдар кино, музыка, клип т.б болуы мүмкін. Олардың саны, сапасы, интернеттегі сіздің сілтемелердің орналасуы осы файлдарды қолданушылардың құйып алуына әсер етеді, ал ол сіздің табысыңызға себепкер.
Ал енді теориядан практикаға көшейік. Файлайырбастаудан ақша табу үшін не істеу керек?
1-Қадам: Файлдар арқылы ақша табу үшін файлайырбастаушы сайттардың біріне тіркелу керек. Танымалдары IFolder, Depositfiles.com, Letitbit.ru ,бұлар жақсы төлейтіндері.
2-Қадам. Тіркелген соң өз аккаунттыңызды аласыз, сол аккаунт арқылы файлдарды орналастырасыз. Әр файлға арнайы сілтеме белгіленеді, осы сілтемелерді сіз интернеттің түкпір – түкпіріне орналастырасыз. Қанша рет сіздің сілтемеңіз арқылы келіп құйылып алынғанына байланысты сіздің ақшаңыз есептеледі.
3-Қадам. Файлайырбастаудан алғашқы табыс табу үшін 3 нәрсе керек: сұранысқа ие файлдар(жаңа фильмдер, музыка, софт), көп адам кіретін сайттар, файлайырбастауды жеңілдететін программа, ол сіздің сілтемелеріңізді басқа сайттарға тез орналастырады. Мысалға Addnews программасын айта аламын.
Файлайырбастауда ақша табуда 1000 рет файлды көшірілгені үшін орташа есеппен 5$аласыз, егер сіздің осындай сұранысқа ие бірнеше файлдарды енгізсеңіз, онда бұдан кереметтей ақша жинауға болад, басты айтарым, интернетте тегіннен тегін ақшаны ешкім бермейді, есіңізде болсын «тегін ірімшік, тышқанға құрылған қақпанда болады». Тек талмай енбек етіп, алған бетінен қайтпай, өз ісіне нық сенетіндер ғана интернетте мол табысқа қол жеткізеді.
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!