ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

понедельник, 27 октября 2014 г.

Копирайтинг, рерайтинг және аударма арқылы ақша табу

Контент жазу арқылы (копирайтинг, рерайтинг, аударма) ақша табу.

Әр күн сайын іздеуші машиналар Яндекс пен Google индекстеріне мыңдаған жаңа веб-беттер түсіп жатады. Әрбірі контентпен толтырылған, яғни текстпен. Олар қайталанбас жаңа (уникалды) я бір жерден көшіріліп алынған ақпаратпен толтырылған. Енді осыларды кімдер жазады, бұл текстерді копирайтер, рерайтер, хабаршылар мен тәжімалаушылар жазады, тиісінше ақшаға әрине.
Бұл алып «интернет қызметінің сферасы», бұдан әлемде талай адам өзінің күнделікті,тұрақты қызметіне кірген. Контент жазу арқылы ақша табуға әркімнің таласы бар десек қателеспейміз, әдемі жаза алатын және әр сөзді орын орнына қоя білетін адам бұдан жақсы ақша таба алады. Біздің жағдайымызда ол орыс тілін білу қажеттілігі туады, бірақ бұл қылышты тасқа соғу деген сөз емес, көбіміз орыс тілін білеміз,білмесек тіпті қасымыздағы біреу біледі, тіпті болмаса орыс тілін түсіне білсеңіз сөздердің синонимдерін қою арқылы да басқа біреудің текстін қайта жазып шығуға да болады. Әлде қазақша өз ойыңызды жазып шығып, сосын оны тіпті сөздікпен болсын, әлде басқа біреуге аудартып алуға болады емеспе. Сонымен қатар орысшадан басқа тілдерді білсеңіз, сол тілдегі ақпараттарды орыс тіліне аудару арқылы да ақша табуға болады. Бұл мақалада мен контент жазу арқылы қалай ақша табуға болатынын айтамын.


Интернетте копирайтер болып жұмыс істеу.
Теориядан бастасақ копирайтинг(ағыл.тілінде copywriting)- бұл тауарлар мен қызметтерге жарнамалық текст дегенді білдіреді. Бірақ қазіргі таңда бұл сөз кеңірек маңынада қолданылады. Дәлірек айтсақ: копирайтинг - бұл сайттарға арналған уникалды тексттер жазу. Демек, копирайтер дегеніміз әртүрлі тақырыпта, сайттарға арналған қайталанбас мақалалар жазатын маман, жәнеде ол сол жазған тақырыбта маман болу міндетті емес.
Копирайтерлік көбіне фриланстық(қашықтағы) жұмыс, бірақ кей сервистер тұрақты офистік копирайтерлермен де жұмыс істейді.
Копирайтерлер жазылған, тексерілген мақалаларын интернеттегі биржалардың біріне орналастырып сата алады. Копирайтерлердің жұмысының бағасы мыналарға байланысты: рейтингісі, машықтығы,ұсыныс көлемі. Копирайтерлер орташа есеппен жазылған 1000 символға 1-1,5$, пробелды алып тастағанда.

Бұрында текс жазу арқылы ақша табу, мүйізі қарағайдай профессионалды журналистердің ісі болса, қазіргі таңда әрбір сөз мағынасын білетін адамның қолынан келетін іс. Расын айтсақ, көптеген копирайтерлер уникалды мақалаларды ойлап таппайды, олар әр түрлі интернет ресурстарын пайдалану арқылы оларды сауатты құрастыра отырып өзі жазғандай етіп уникалды текс ретінде ұсынады.

Осыдан сұрақ туындайды: жалпы копирайтерлерге деген сұраныс неге жоғары?
Жауабы мынадай: Кез-келген компания немесе веб-шебер өз сайтын ашқаннан соң оған жаңа ақпаратты контенттер керек болады, оларға өздерінің тауарлары мен қызметтерін әдемі қылып жазғанын қалайды, сонымен қатар сол контенттер интернетте іздеуші машиналардың бірінші ондығына түсу үшін, тақырыбы мен кілтті сөздері үйлесім тауып орналасқан мақаланы қажетсінеді... Копирайтер мамандығы бүгінгі таңда ең үлкен сұранысқа ие мамандық.
Интернетте рерайтер болып жұмыс істеу.
Рерайтинг дегеніміз басқа біреудің тексттерін қайта жазу. Бұл арада мынадай тәсіл қолданылады: сөздерді синонимдерге ауыстыру, абзацтарды араластыру және т.б. Бұл жұмыстан соң мақала өзінің бастапқы мазмұнын жоғалтпайды, бірақ өзіндік қайталанбас рерайтерлік тексті аламыз.
Рерайт SEO мен БАҚ индустриясында кеңінен қолданылады. (Түсіндіре кетейін,бұл жерде SEO дегеніміз, ақпараттың өтімділігі, іздеушілер(Поисковик) әрқашан жаңаланып отыратын сайттарды біріншілікке шығарып отырады, оның қыр-сырлары көп, оған арнайы мақалалар арнаймын)
Рерайтерлік те копирайтерлік жұмыс сияқты үйде отырып атқаратын жұмыс түріне жатады. Копирайтерлік пен рерайтерлікті қатар алып жүруге болады.
Тиісінше, рерайтерліктің жұмысы төмен бағаланады 0,5-0,8$,пробелсіз 1000 символға шаққанда.
Аудармашы (Тәжімалаушы) қызметімен жұмыс істеу.
Аудармашылар жоғарыда айтылған рерайтерлік пен копирайтерліктен жоғары ақша алады, себебі текстті сапалы, ешбір қатесіз, мағынасын жоғалтпай аудару жоғары біліктілік пен көп уақытты қажет етеді.
Копирайтер, рерайтер мен аударма жұмыстарын қайдан табам?

Копирайтер, рерайтер мен аударма жұмыстарын жүргізетін арнайы биржалар бар, олардың бірнешеуі бар, ал бірақ ең жас, әрі қазіргі таңдағы бұл жұмысқа келушілердің үйрену аренасына айналғаны Advego. Бұл жерде контенттер қымбатқа бағаланбайды, сондықтан оны алушылар да көп. Ал бұл жұмысты жаңадан бастаушыларға жазылған контенттердің ақшаға жылдам сатылып отырғаны дұрыс.
  1. Адвего-ға кіріп тіркелесіз. Келесіде тіркелген өз аккаунттыңыз арқылы кіресіз. Тіркелген кезде электронды әмияныңызды(кошелек) көрсетіңіз. Webmoney ге тіркеліңіз.
  2. Магазин статей – Продать статью ға кіресіз де өз контентіңізді жазасыз.  АлғашқыдаWord – та жазып алғаныңыз жөн, былай ету арқылы грамматикалық қателіктердіазайтады, содан соң көшіре салуға болады.
  3.  Сұрақтарыңыз болса сол биржадағы Форум бөлімінен сұрақтарыңызға жауап алааласыз. 
 Бұл жерде әрине әлі де SEO мен Іздеушілердің қалай жұмыс істейтінін де білу керек, бірақ сөйлей,сөйлей,шешен боласын демейме, көш жүре түзеледі деген бар емеспе, басын бастаңыз да әрі қарай зерттеңіз.
Абай атамыз айтқандай ...көрмесең істің бәрі бос...
Бұл блогта бұл тақырып бойынша әлі бірнеше мақалалар жазылатын болады. Бұл ақша табу тәсілін меңгерген адамдар жақсы ақша тауып,бұны өзінің күнделікті жұмысы етіп алған, уйде отырып, компьютермен әр нәрсеге өз ойы мен ақыл кеңесін айта отырып, ақша тапқан адамға арман барма? шіркін :)
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!