тау-кен өнеркәсібі |
Тау кен өнеркәсібін жаңа биіктерге көтеру қажет. Талдықорғанда орналасқан Камила – Капитал серіктестігі өздеріне осындай мақсат қойып отыр. Бүгінде бұл жерде шығарылатын құм мен қиыршық тас жартылай ғана өңделеді. Алдағы уақытта кәсіпорын жаңа үлгідегі қондырғы сатып алмақ. Бұл өнімді қалдықсыз өңңдеуге септігін тигізеді, дейді мамандар.
Құрылыс материалдарына қолданылатын шикізат өңдеумен Камила – Капитал серіктестгі 2010-жылдан бері айналысады. Бүгінде бұл кәсіпорнның өнімі сұранысқа ие. Көптеген ірі құрылыс комапнияларымен тығыз әріптестік қарым-қатынаста. Өткен жылы әуежай құрылысына байланысты шикізат өндіру көлемі 135 мың текше метрге дейін жетті. Өнімнің артуы жаңа техника сатып алуға түрткі болды. Биыл екі ұсатқыш қондырғы алынды. Бүгінде мұнда тұрақты түрде 10 адам жұмыс істейді.
НҰРЖАН ДУМАНБАЕВ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ
КОРР Кәсіпорын жылына 40 мың шаршы метр кен өндіреді. Жұмыс барысы тиісті орныдардың қадағалауында. Қазылатын кеннің көлемі белгіленіп қойылады.Одан артық өндіруге тиым салыныған. Сондықтан, кәсіпорын қуаттылығын арттыру үшін шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясына көшіруді жоспарлап отыр.
ТІЛЕУБЕК ҚАНАПИЯНОВ «КАМИЛА КАПИТАЛ» ЖШС СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
КОРР.:Серіктестің тағы бір бағыты құм кірпіш шығару. Күніне 200 данасы жасалады. Алдағы уақытта өнім көлемін көбейту көзделген. . Сондай-ақ кен орнын халық келіп тамашалайтын көрікті жерге айналдыру жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Бүгінде отырғызылған жаласыл желектер тамыр ала бастаған. Және қазылған аумақты суға толтырып, балық шаруашылығын дамыту да жоспарда бар.