Ұйғыр ауданындағы Сұңқар ауылы тұрғындары жаңа салынған дәрігерлік амбулаторияға қол жеткізді. Шалғайдағы ауылда қолданысқа берілген бұл жалғыз әлеуметтік нысан емес. Осыған дейін де бұл жерде жаңа почта, мектеп ғимараттары тұрғындар игілігіне берілген. Ал, ескі мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, дәрігерлік амбулатория болып жасалды.. Оның құрылысына 85 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Жаңа ғимаратДардамты ауылдық округінің4 мыңнан аса тұрғынына қызмет көрсететін болады. Мұнда 13 кабинет жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстарын «Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жөндеу биылғы жылдың ақпан айынан басталып, жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталып отыр. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына аудан әкімі Коюмчан Омаров пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Маралбек Мейірбеков қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды.
АИДА СМАИЛОВА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ МЕҢГЕРУШІСІ
Бүгін бізде қуанышты күн. Міне, дәрігерлік амбулаториямыздың ашылуы салтанаты болып өтті. Біз ауылдағылардың бәрі өте қуанышты. Себебі, сондай керемет ғимарат салып отыр. 36 кабинет бар. Жұмыс істейтін кабинет 13. Жаңа бүкіл оборудование, мебель бәрі жаңадан келді.
Бұрынғы амбулатория ауыл ішіндегі қарапайым тұрғын үйде орналасқан болатын. Материалдық-техникалық базасы да әбден тозығы жеткен. Жаңа жиһаздар мен дәрігерлік құрылғылар да сатып алынды. Енді ауыл халқы биохимиялық сараптаманы осы жерден өте алады. Сондай-ақ, тіс және әйелдер дәрігеріне қажет заманауи құрал-жабдықтар да пайдалануға берілді. Жалпы, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің сапасы артып келеді.
СҮЙІМХАН КЕГЕНБАЕВА СҰҢҚАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен көп балалы ананың бірімін. Бұрын ауданға бала-шағамызды ертіп жүретінбіз. Әзір құдайға шүкір, ауылымызда амбулатория ашылып жатыр. Бала-шағамызды осы жерге болсын қаратамыз.
Дәрігерлік мекемеде әзірге 1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 9 орта буын қызметкерлерітұрғындарға қызмет көрсетеді. Ендігі кезекте тіс дәрігері мен зертхана қызметкері де жұмысқа қабылданбақ. Оған қосымша жұмыс орны қарастырылған.