Көпке үлгі отбасының бірі – Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылында тұратын Нұрғазиевтер жанұясы. Әулеттің үлкендері Әлиасқар мен Қайшанның шаңырақ құрғандарына 70 жылға жуықтаған. Адам ұрпағымен мың жасайды деген. Бүгінде екі қарт 11 баласынан тараған үрім бұтағының өзі - бір дүйім елге айналғанын мақтан етеді. Шаттығы шалқыған осы отбасында біздің тілшілеріміз де болып қайтты.
Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.Әлиасқар қария бұрынғылар айтқан осы сөз дәл арналғандай дейді. Жасынан еңбекке араласқан ол колхаздағы бар ауыр еңбекті таңдамай істеді.Құрылысшы болды. 1946-жылы Қайшанға қосылып отау құрды. Бірінен соң бірі 11 бала дүниеге келді. Барлығын да кішкентайынан еңбекке тартты. Отын да әкеліп, шөп жинайтын. Үй жұмысын да қыз- ұл демей атқаратын. Осының бәрі кейін керектеріне жарады, дейді Әлиасқар қарт.Бүгінде әр баласын әр салада еңбек етіп туған жердің түлеуіне өз үлсетері қосып жүр.
ӘЛИАСҚАР НҰРҒАЗИЕВ ҮЛКЕНШЫҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қайшан әже болса бар өмірін отбасына, отағасына, балаларына арнады. Үй шаруасының өзі үлкен жұмыс деп біледі алтын алқа иегері. 7 қыз ұзатып, 4 келін түсірді. Айрандай ұйыған отбасының тірегі– тек ауызбірікте. Екі жас қосылғасын бір- бірін тек қабағынан тану керек. Ал өмірде қатар жүретін жақсылық пен қиындықтар бірге қарсы тұрғанда ғана ошағыңның оты маздай түседі деген пікірде.
ҚАЙШАН НҰРҒАЗИЕВА ҮЛКЕНШЫҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Әулеттің кенже келіні Айнұр түскелі ата-енесімен бірге тұрып келеді. Жанұямыздың берекесі осы үлкен кісілер. Олармен амандаса келген әр қонақ үйімізге құт әкеледі деп сенемін, дейді.
АЙНҰР ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ ҮЛКЕНШЫҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
70 жылға жуық бірге ғұмыр кешкен Әлиасқар мен Қайшан Нұрғазиевтар тамырын тереңге жіберген мәуелі бәйтеректей. Ұл қыздарынан 30 немере, 20-дай шөбере сүйіп отыр. Мәнді де сәнді өмір сүруіміздің бірден-бір кепілі – бр-бірімізге кешіріммен қарап, сенім мен сезімге қылау түсірмегендігіміздің арқасы, дейді қос қария.