ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

суббота, 13 сентября 2014 г.

Өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді - Жетісу жаңалықтары

Өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді
үлгілі отбасы

Үлгілі отбасы-жарасымды жұптан шығады. Ұрпақ өсіріп, берекесі мығым шаңырақ қалыптастырған жанұялардың қоғам алдында абыройлар үстем. Осындай отбасылардың бір тобына Қарасай ауданының әкімі құрмет-қошамет көрсетті.  Сый төрінен көрінгендердің қатарында көпбалалы аналар, мұғалімдер және кәсіпкерлік салада табысқа жеткен отбасы үлкендері бар.
Тағдыр оларды есімдеріне қарап табыстырғандай. Алмабек және Алмагүл Телтаевтар. Отасқандарына 53 жылдың жүзі болды.  Төрт бала тәрбиелеп өсірген, енді олардан немере-шөбере сүйіп  үлкен шаңырақтың қос байтерегіне айналды.
АЛМАГҮЛ ТЕЛТАЕВА  ЖАРМҰХАНБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
МӘТІН: Ал Тәжіғали Қожамұратов пен  Гүлшат Терекбаеваның шаңырақ туын желбіреткендеріне 20 жылдан асты. Отағасы Тәжіғали екінші топтағы мүгедек болсада, талай спорттық бәсекелерден топ жарған спортшы. Қазір «Жігер» мүгедек спортшылар федерациясын басқарады. Әр ісіне жұбайы Гүлшаттың қолдауы ерекше. 7 бала тәрбиелеп өсірді, өздерін бақытты ата-аналар қатарынан екенін айтады.
ТӘЖІҒАЛИ ҚОЖАМҰРАТОВ  «ЖІГЕР» МҮГЕДЕК СПОРТШЫЛАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
МӘТІН: Кейіпкерлерімізден бөлек тағы 10 отбасы иелері бар. Жанұялық берекелері мығым, татулықтарымен талайларды тәнтті ектен. Аудан басшысы Амангелді Дәуренбаев олармен  емен-жарқын әңгімелесті. Мерекелерімен құттықтап, қолдарына гүл шоқтары мен алғыс хатын табыстады, амандық-саулықтарын тіледі.
М.Тоқтасын