Отжимание несімен
жақсы?
Отжиманиенің ерекшеліктері!
1. Бұлшық ет
күші: Мүмкін, сіз сөзсіз , әрине, оджимание онсыз да бұлшық ет күшін
көбейтеді ғой дерсіз. Сіз отжимание жасай отырып, абсолютті күшті боласыз,
себебі жерден қолмен көтеріле отырып, сіз бүкіл денеңіздің бұлшық еттерін
қозғалысқа түсіресіз. Мен отжимание жасау оңай ғой деген адамдарға жиі күлгенмін, бірақ ешқайсысы
отжимание жасауды ұнатпайды. Егер бұл «жаттығу» соншалықты оңай болса, неліктен
жұмыс күнінің соңында 40 не 50 рет жоғары-төмен отжимание жасай салмайды? Отжиманиені
анағұрлым күрделі қылып жасаудың бірнеше тәсілдері бар. Ауырлық күшінің орынын
ауыстырса жеткілікті. Отжимание – күшті арттырудың қарапайым ең жақсы жаттығуы.
Сіз әлі күнге дейін отжимание несімен
жақсы деп сұрақ қоюдасыз ба?
2. Көңіл-күйіңіздің көтерілуі:
отжимание жүрек-қан тамырларыңызды және бұлшық ет жүйеңіз
үшін жақсы стимулятор болып табылады. Егер сіз жақсы қалыпты жағдайда 10-нан 20
отжиманиеге дейін жасайтын болсаңыз, онда денеңізде не болатынын білесіз. Жүректің
жиырылу жиілігі артады және бұлшық еттеріңіз қанға толады. Кез келген
жағдай болсын, сіз жалпы көңіл-күйіңіздің айтарлықтай жақсарғанын байқайсыз. Бұл сондай-ақ денеңіздегі артық майдан
арылуға көмек береді! Сіз әлі де отжиманиенің несімен ерекше жаттығу екенін түсінбей тұрмысыз?
3. Отжимание пресс қатайтуға қарағанда жақсы:
мен мұны отжиманиенің ерекшелігінің
үшінші себебіне жатқыздым: Көптеген спортпен айналысып жүрген адамдар
күшті, жылдам болуға және «тартымды көрінуге» тырысады. Егер де сіз тартымды
көрінгім келеді десеңіз, отжимание торс үшін де, пресс үшін де тамаша жаттығу
болып табылады! Бұл шын мәнінде де солай! Сіз отжимание жаттығуын орындаған
кезде көптеген бұлшық еттерге күш түседі, соның ішінде пресске де . Егер сіз отжиманиені дұрыс жасасаңыз, денеңіз
тіке және қатты болуы керек. Бұл
қаттылық омыртаның тұрақтылығы мен іштегі бұлшық еттерінің орта бөліктерімен,
жанама, бүйір іш бұлшық еттерімен, жамбас бұлшық еттерімен тікелей байланысты.
Бұл сіздің негізгі мускулдарыңыз, бұлшық еттеріңіз. Отжимание несімен жақсы –
бір жаттығу бірнеше бұлшық еттерге арналған жаттығу.
Егер сіз үшін отжимание несімен жақсы екендігі қызық болса, мен сіз үшін 3
себебін таптым. Есіңізге сақтаңыз, әрбір
адам жаттыға алады, бірақ тек ең жақсылары ғана ақылмен жаттығады!
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!