ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

воскресенье, 22 июня 2014 г.

Байланыстың біріншілік және екіншілік желілері

Техникалық тұрғыда Қазақстан Республикасының  байланыс жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттің барлық байланыс  желісіне сәйкес принциптер мен құрылымдарға негізделеді, мемлекеттің барлық байланыс желісі екі өзара байланысқан құраушыға жіктеледі: біріншілік желі және екіншілік желі.
Байланыстың біріншілік желісі дегеніміз –
каналды құрайтын және  байланыс түйіндерінің коммутациялық құралдары байланыс линиясынан тұратын байланыс жүйесінің бөлігі.
Біріншілік желі арналары  екіншілік желіні құрудың негізі болып табылады. Екіншілік желінің құрамына  ақырғы абоненттік қондырғылар, абоненттік линиялар, коммутация түйіндері, екіншілік желі құруға арналған біріншілік желіден бөлінген арналар кіреді.
Екіншілік желінің трактімен бірге ақпаратты жіберуді, қабылдау және бөлуін бірге қамтамасыз ететін  коммутациялық түйіндері болу керек .
Екіншілік желіні келесідей түрде жіктеуге болады:
  1. Қолданылуы бойынша  екіншілік желілер мынадай түрлерге бөлінеді:
    • Жалпы мемлекеттік желілер,
    • Басқа министрліктер мен ведомстволардың желілері.
      Жалпы мемлекеттік желілер Байланыс министрлігінің бағынышты кәсіпорындары арқылы құрылады және эксплуатацияланады.
  2. Жіберілетін ақпараттың түріне байланысты :
    • Аналогты
    • Дискретті
  3. Коммутациялау тәсілі бойынша.
Байланыстың(коммутацияның) екі түрі бар: ұзақ уақыттық (кросстық коммутация) коммутация бір хабарламаны жібергенге қарағанда ұзағырақ іске асырылады және оперативтік – байланысу(коммутация) бір хабарламаны жіберу уақытында жүзеге асырылады.
Коммутацияланатын және коммутацияланбайтын желілер болады. Коммутацияланбайтын желілерде  арналар бекітілген немесе ақпаратты тарату уақытында уақытша болады. Бұл желілердің құрылымы тармақталған.
Қазіргі таңда коммутацияланбайтын желілерге жататындар:
  • Газет жолақтарын жіберу желілері,
  • телевидение,
  • технологиялық байланыстар ,
  • ВЦ арасындағы мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты желілері.
Екіншілік коммутациялық желінің міндеті  - желінің кез келген қолданушыларына ақпарат алмасуын байланыстыру мен өткізу болып табылады.
Коммутацияланатын және коммутацияланбайтын желілер құрылымымен ерекшеленеді.  Коммутацияланатын желі – бағытталмаған, ал оның арналары – түйінге қосылған абоненттік пункті топтары үшін немесе барлығы үшін коллективтік болып табылады. Коммутацияланбайтын желі – негізінен бір бағыттағы әрекет ететін бағытталмаған арналар (ЭЕМ байланыс желісінен басқа).
Ақпарат жіберу процесінде  кідіріліс ұсталмаса және қабылдағыш пен көз арасында тікелей арна ұйымдастырылған кездегі коммутация тәсілі  арналар коммутациясы деп аталады. Осы желідегі арналар жіберілетін спектрдің  кеңдігі бойынша бір текті болуы керек.
Екіншілік коммутацияланатын желіге қойылатын негізгі талап – минималды капитал және эксплуатациялық шығындар кезінде қызмет көрсетудің берілген сапасымен берілген адрес бойынша ақпарат жіберуді қамтамасыз ету.
Кросстық коммутациясы бар желіде қызмет көрсету сапасы жоғалулармен не күту уақытымен бағаланады.

Біріншілік желі дегеніміз – барлық арналарды байланыстың қолданылуы бойынша және түрі бойынша жіктемей жиынтығы. Біріншілік желі арналардың барлық  тұтынушылары үшін бірегей болады және екіншілік желіге  база болады.