ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 20 февраля 2019 г.

ПЛАТАЛАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ


Паяльникпен қолдана білу – кез келген адам үшін пайдалы дағдылардың бірі болып табылады.    
Жай ғана припоймен тигізіп қана қоймай дұрыс қолдана білу керек. Жақсы дәнекерлей білу бұл нағыз өнер, бұл бірден қалыптаса қоймайды, ол тәжірибе арқылы келеді.


Терминологиясына келсек, припой – бұл сымдар мен бөлшектердің шықпалары бір-бірімен балқытып жабыстырылатын жеңіл балқитын металл балқыма.
Платаны дәнекерлегенде көбіне қалайы мен қорғасын балқымасынан тұратын қорғасынды-қалайысы бар припойлар пайдаланылады. Дәнекерлеп бекітудің мықтылығы жағынан бұл припойлар таза қалайыдан қалыспайды. Мұндай припойлар 180-200оC температурасында балқиды. Олар қысқаша ПОС (припой оловянно-свинцовый, яғни қалайы-қорғасын припойы)  деп белгіленеді, одан кейін қалайының пайызбен қанша екенін көрсететін екі мәнді цифры жазылады, мысалы ПОС-40, ПОС-60.
70 °C  температурада жеңіл балқытылатын  Вуда балқымасын алған тіпті дұрыс болады.
 Флюс ұсақ дәнекерлеу үшін дайындалған бөлшектер мен өткізгіштердің дәнекерлеу кезінде тотықсыздандырылмауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Платаларды дәнекерлеу үшін қышқылы жоқ флюстерді қолданыңыз. Ең қарапайым және ең таралған флюс канифоль болып табылады. Табиғи қарағайдан жасалған канифольді сатып алған дұрыс. Сұйық флюспен толтырылған кезде әлдеқайда жақсы нәтиже алуға болады.
Оны жасау үшін канифольды ұнтақтайды және оны этил немесе бордық спиртке салады.
Бұндай канифольды қылшақпен дәнекерленген жерлерге жағады.
Жаңа паяльникті сатып алғанда, жалоны (дәнекерлегіштің ұшын) тазалау керек - припойдың жұқа қабатымен жабу керек.
Жаңа дәнекерлегішті желіге ең алғаш рет қосқан кезде, оқшаулаудың байланыстырушы компоненттері әдетте өртеніп кетеді - дәнекерлегіш аспаптан жағымсыз иіс сезіледі, сондықтан, дәнекерлегішті ең алғаш қосқанда ашық ауада жүргізген дұрыс.
Енді дәнекерлегіштің ұшын егеумен тазалаңыз, содан кейін дәнекерлегішті қайтадан қыздырыңыз. Жалоны канифольға түсіріп, содан кейін припой үзіміне тигізіңіз.
Балқытылған припой қабатында жалоны тұтас беткі қабатымен ағаш тіреуіште оның түгел қабаты припой қабатымен жабылуын жүргізіңіз.
Шағын радиобөлшектерді дәнекерлеген кезінде, диаметрі аз ғана миллиметр болатын дәнекерлегіштің өте жұқа ұшы болғаны ыңғайлы.
Қатты ысытылған дәнекерлегішпен платаны дәнекерлеу ыңғайлы емес.
Сонымен қатар, дәнекерленетін радиобөлшектердің қызып кету қаупі бар.
Кез келген белгілі схема бойынша, дәнекерлегішті температуралық реттегішпен жабдықтау ұсынылады.
Есіңізде болсын, платаларды дәнекерлеу кезіндеадам денсаулығына зиянды дәнекердің зиянды булары шығады.
Есіңізде болсын, платаларды дәнекерлеу кезіндеадам денсаулығына зиянды дәнекердің зиянды булары шығады.
Ашық терезеде дәнекерлеуге тырысыңыз және бөлмені жиі желдетіңіз.

Комментариев нет: