Осы биылғы 2016 жылы Алматыда ғаламторға шығу үшін жаппай қол жеткізу нүктелері орнатылуы жоспарлануда. Бұл туралы Profit.kz-ке Алматы қаласының Туризмді басқару және ішкі байланыстар жетекшісі Тимур Дуйсенгалиев айтты.
Қазір туристерге арналған бағдарлау жүйесін құру бойынша жоба әзірленіп жатыр, осы жоба аясында Алматы қоғамдық транспорт аялдамалары мен ақпараттық таблоларында тегін Wi-Fi ұйымдастырылу жүзеге асырылады.
Сондай-ақ ол Алматының туристік саласын дамыту аясында TripAdvisor сервисінде Алматы сикросайты құрылатынын айтты. Және де 2ГИС қызметімен әріптестік орнату - қала бойынша жол жетекші жасалып жоспарлануда.
Айтпақшы, айтылған деректеріне сәйкес, туризм Алматы қаласына 40 миллиардтай теңге әкелген. Ведомстводағылар жаңа технологияларды енгізу осы сандарды көбейтеді деп үміттенеді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий