ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 4 мая 2016 г.

InDriver Қазақстандағы бұғаттау туралы шешімге қарсы шығып көрмекші

18 сәуірде қазақстандықтар indriver такси шақыру қызметінің мобильді қолданбасы жұмысын тоқтатқанын айтып шағымданды, осы Indriver қолданбасы ҚР тұрғындары арасындағы жолаушылар тасымалдау қызметтерінің анағұрлым танымал интернет-агрегаторларының бірі болып табылған еді. Forbes.kz.

inDriver сервисімен Қазақстанның 15 қаласында қолдануға болатын еді. inDriver ақпаратын сүйенсек, қолданба Қазақстандықтардың екі миллион гаджетіне орнатылған. Бұл елдегі жазылушылар саны бойынша ірі мобильді қолданбалардың бірі дейді 
Министрліктегілер егер  ҚР заңының талаптарына сәйкес inDriver қызметінің меншік иесі немесе иеленушісі келтірілген жағдайда ресурсқа қол жеткізу жаңартылады. Бірақ ҚР ИжДМ-лігінің әрекетін InDriver компаниясы қате деп санайды. Оның үстіне, өз ресурстарына бұғаттауды компания соттан тыс қысым көрсету деп санайды.
"Бізге белгілісі, бұл Қазақстандағы бизнес-ресурсқа жасалып отырған алғашқы бұғаттау, бұған дейін опппозициялық интернет БАҚ-дарына қысым жасалған еді. Ал бұл  жемқорлыққа ыңғайлы жағдай туғызады, біздің InDriver қызметі толығымен заңды интернет қызметі. Біз сот тәртібімен бұғатталуға шағымдануға дайынбыз, бірақ келісімге келеді деген үміттеміз."
Бұның алдында қызмет осындай бұғаттауға ұшырамаған еді. Оның үстіне, компаниядағылар қай жерде мүмкіндік болатын болса, inDriver жүйеге тек лицензияланған жүргізушілерді жібере алу мүмкіндігі бар деп сендіреді.
"Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ, адам тасымалдап жүрген барлық жүргізушілер еш құжаттарды рәсімдемей-ақ күнін көріп жүр.Осы мәселені шешудің бір ғана тәсілі - қызметке тартылған жүргізушілерді заң талаптарына сәйкес сатылап және жайлап рәсімдеуге көшіру. Мұны бірден жасауға болмайды, әйтпесе олар қайтадан "жабайы" нарыққа оралуы мүмкін, яғни көшеге оралады. Біз Транспорт бойынша комитетке бұғаттауға дейін жүзеге асыра бастаған жүргізушілерді рәсімдеу жоспарын ұсындық. Біз мәселені құқықтық тұрғыда шешуге тырысудамыз, бұған белгілі бір уақыт керек", - деді компаниядағылар.

Комментариев нет: