Аналогты
сигналдарды цифрлық түрде көрсетудің үш әдісін (цифрлық модуляцияның 3 әдісі) ажыратады:
1.
Импульсті-кодтық модуляция (ИКМ)
2.
Дифференциальды импульсті-кодалық модуляция , яғни
айырмашылықтық ИКМ. Цифрлық модуляцияның осы түрін болжамды ИКМ деп атайды.
3.
Дельта-модуляция (ДМ) – алдын ала болжамы бар айырмашылықтық модуляция.
Дифференциальды импульсті-кодтық модуляция (ДИКМ) – бұл сигналдың кодтау
әдісі , импульстік-кодтық модуляцияға
негізделеді (ИКМ - ағылшын тілінен Pulse
Code Modulation (PCM)) – шағын көлемде көрсету үшін қосымша мүмкіндіктерді
пайдаланады, сигналдарды санауды болжауға негізделеді. ДИКМ аналогты сигналға,
сондай-ақ цифрлық сигналдарға қолданылады.
Егер ДИКМ-ді аналогты сигналға қолдану керек болса, сигнал ең бірінші
дискреттелуі керек, себебі санау кезінде дискреттелген сигнал ДИКМ кодерінің
кірісіне берілуі тиіс.
ДИКМ жүзеге асыру үшін 2 жолы бар:
-
1 нұсқасы: 2 тізбекті
семплдердің мәнін қабылдау; егер олар аналогты семпл болса, оларды
кванттау керек; біріншісі мен
келесісінің арасындағы айырмашылықты есептеу; нәтижесі – алынған айырмашылық;
және ол энтропиялық кодталуы мүмкін.
-
2 нұсқасы: алдыңғы кіріс семплімен салыстырмалы түрдегі
айырмашылықты қоса алғанда , декодалаушы процесстің локальды кіріс моделінің айырмашылығын аламыз; бұл нұсқада
айырмашылық квантталуы мүмкін, бұл кодалаудағы жоғалуларды бақылау мүмкіндігін
береді.
ДИКМ-нің осы аталған екі нұсқасында да сигналдың локальды артықтығы (жақын
жатқан мәндердің оң корреляциясы) айтарлықтай кемиді. Егер айырмашылық
мәндері энтропиялық кодалауға ұшыраған
болса, сығу коэффициенті 2-ден 4-ке дейін жетуі мүмкін, себебі айырмашылық
сигналдарында (параметрлердің аздаған санының нақты санына дейін) бөліп тарату
функциясы белгілі.
Төменде екі нұсқада көрсетіліп кодер
мен декодердің сұлбалары ескертулерімен берілген:
1 нұсқа Екі тізбекті есептеу арасындағы айырмашылықты
есептеу
Кодер дифференциатордың рөлін ойнайды (кванттаушы дифференциатордың алдында
болуы керек), ал декодер аккумулятор ретінде шығады.
Энтропиялық кодер (Q) биттер санын
қысқартады, сол мезетте декодер Q-1
бастапқы дискретті сигналдың көрсету бит санын қалпына келтіреді.
2 нұсқа Синтез көмегімен
айырмашылықтық талдау:
Декодердің кодерде қолданылуы
Комментариев нет:
Отправить комментарий