ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

четверг, 31 марта 2016 г.

Periscope деген қандай бағдарлама? Видеосымен бірге

ПЕРИСКОП ДЕГЕН НЕ?
Periscope — Twitter әлеуметтік желісінің шығарған видео трансляция жасайтын жаңа қолданбасы (қосымшасы - приложениесі). Перископта әлемнің кез келген бұрышында дәл осы уақытта түсіріліп жатқан видео трансляцияны көруге болады.

Бұл әлеуметтік платформа 2015 жылдың наурызында іске қосылған. Ашылған соң 10 күн ішінде 10 млн қолданушы тіркеліп үлгерген. Соңғы 1 айдың ішінде Қазақстан мен Ресейде танымал болып кетті.
ПЕРИСКОПТЫ НЕ ҮШІН ҚОЛДАНАДЫ?
Перисоп көмегімен iOS және Андроид негізіндегі телефондарда тікелей видео трансляциялар жасауға және көруге болады. Егер сіздің аудиторияға айтарыңыз болса, Перископ арқылы бос уақытыңыз болғанда, тікелей трансляция жасап, адамдармен байланыс орнатуыңызға болады.
Көбіне тренерлер, мұғалімдер тренингтер мен сабақтар өткізеді, ал танымал жұлдыздар болса, фанаттарының сұрақтарына видео арқылы жауап береді.
Видео трансляция жасамай тек көрермен ретінде әлемнің кез келген жерінде дәл осы уақытта адамдардың қандай трансляция жасап жатқанын, не істеп жатқанын біліп қана қоймай, оларға сұрақтар қойып, байланыс орнату мүмкіндігіне ие боласыз.
ПЕРИСКОПҚА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?
Алдымен App Store және Google Play-ден Periscope қолданбасын тауып аласыз да орнатасыз.
Periscope бағдарламасы туралы видеоны қараңыз (ҚАЗАҚША)

Комментариев нет: