ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 29 июля 2015 г.

Жако атаның жастарға құлаққағысы

Соңғы кезде жастар арасында бір нашар үрдіс байқалады. Бір үлкен адамның жаман қылықты суретін яки болмаса видеосын көрсе, не болмаса жақпас қылығы туралы мақаласын оқыса болды барлығы сол бір адам үшін, «Міне қазіргі заманның шалдары» — деп шулай жөнеледі. Сынау, талқылау дұрыс та шығар. Мүмкін сол ғайбаттан көрі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» — деген аталар сөзін еске алып, ол суретті тәрбие құралына айналдырған жөн болар.
Бір адамға бола бүкіл қарияларды ғайбаттау сыпайы айтқанда ақымақтың болады. «Өзің диуанасың кімге пір болмақсың?» — дегендей, адам бір жүрген бір пенде, өз ақыл деңгейі көлемінде айтады, не айтса да. Бірақ өсер елдің жастары бір адам жақпас нәрсе айтты екен деп, бөрінің артындай шулап танымас — білмес өздерінен жасы үлкен адамға не болса соны айту, оған бүкіл қазағымның қазіргі қарияларын қосақтап қаралай салу мәдениеттілікке де, көргендікке де жата қоймас. Абыз қариялар жастары үлкенін қадірлей алатын, жастары үкендерін ақылына қарап емес жасына қарап басына көтере алатын ұлттан шығады. «Қазақ ұлты» сондай ұлт болған бұрын. Қазақта «Білмегенді кешірмесең білгендігің қайда?» — деген бір сөз бар, әр уақытта ауыздан шығар сөзге абай болған жақсы. Қария деген кешегі атаң, бүгінгі әкең, ертеңгі өзің, одан арғы уақыттағы балаң екенін ұмытпағайсыңдар. Алла өмір берсе қариялыққа соқпай кетпейтін пенде болмайды, ал қария болған соң соған тән жастары болмайтын дәуір болмайды. Жасы қариясын силаған, қариясы жасын жамандыққа қимаған заманда ғана жарасым болады.
Айналайын жастар, біздер қариялыққа жақындап қалдық, сендер де біздей боласыңдар. Сондықтан бұл жазғанымды өзімдей ағаларыңның, менен үлкен аталарыңның сендерге айтқан назы деп ұғыңдар да, мені «Қазіргі заманның шалының түрі осы» — деп бұл жазба үшін жазғыра көрмеңдар.

Комментариев нет: