ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 29 июля 2015 г.

Ғашықтық туралы ойым - Жако атаның ойларынан

Ғашықтық деген ол құмарлық сезімінің адамдарға нәсіп етілген құралы.Сен қанша адамға көз салып,ұнатсаң құмарту деген сол,демек сонша рет ғашық болып жатырсың деген сөз.Алла адамға көрер көз, сұлулыққа тамсанар сезім бергеннен соң бұл табиғи да жағдай шығар, түсіністікпен қарауға болар деп ойлаймын.Ал махаббат- ол сенің жүрегіңнің түбінде арнаулы бір адамға деген ...
іңкәрлік,жылылық,қимастық,құрмет сезімі.Ол сол адамға ғана арналады да,сол қалпында сенің өмір атты файлыңда сақталады.Мысалы ананың балаға,баланың анаға деген махаббаты.Ана баласына,болмаса бала анасына ғашықпын демейді,бірақ араларында бір- бірін қимастықпен сағындырар махаббат деген құдірет бар.Сол сияқты өмірде де адамға бір жан жолығып махаббаттың дәмін татқан адамдар бар,олар қосыла алмаса да,бірін бірі көре алмаса да,екеуі екі адамға жар болып кетсе де,балалы шағалы болса да жүректерінің түбіндегі әлгі файылды ұрлана ашып қарап,сағыныш мауқын басып,қимастық сезім жүрегін жанышса да соның бақытын тілеп жүреді.Міне бұл мәңгілік махаббат.Бірақ бұл барлық адамдарға міндетті емес,барлық жанның қолынан келе бермейді де.Махаббаттың құдіреттілігі де осында.

Комментариев нет: