ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

понедельник, 20 июля 2015 г.

Сарқыт туралы - Жако атадан

сарқыт

Бұрынғы бабаларымызда да "сарқыт"-деген салт болған. Ол заманда тойға орныңды көрсетіп, шақыру билетін жазып, орынға ақша төлейтін заман емес, "Той ел қазынасы" - деп, келін түскен ауыл тойға бүкіл ауылды бөліп жармай бір ақ шақыратын дәуір еді. Міне сондай тойлардан үйде баласы бар келіндер, науқас жандар, мүлдем жас балалар бара алмай қалып кететін болған.Осындай жағдайда ақ жаулықты аналарымыз жаңағы үйлерінде тойға қатыса алмай қалған адамдар дәметіп қалар деп, ырымға дастархандағы мәзірден (Бауырсақ, тәттілер т.с.с) бір екі түйірін қалтасына салып алатын жағдайлар болған.
Әрі халқымызда "Дәметіп қалған емізулі баласы бар жас келіннің омырауы ісіп кетеді" -деген түсінік болған. Ал ауылдың бір қадірлі адамдары белгілі бір себептермен тойға бара алмай қалса той иесі атынан ол кісілерге арнайы табақ жасалып, сыбығасы үйіне беріліп жіберетін болған. Бұлардың бәрі өте жарасымды, ұрпаққа берер тәрбиесі бар, көзге ұрар анайылығы жоқ салт-дәстүрлеріміздің бір парасы еді. Ал қазіргі тойларда ортаға әкеліп қойған табақтағы етті турап болғанша бөліп-бөліп алып алдарындағы майлық шүберекке орап қоятындар пайда бола бастағаны шошытады. Ол аз болғандай сол үстел үстіндегі бар мәзірді пакеттерге тарелкесімен төңкеріп салып алатындар да кездесіп жататыны тағы бар. Осы бір жаман әдетті ақтағысы келетіндер де табылып жататыны өкінішті. Бұл бір ең нашар жексұрын көрініс, тағы бір қорқытатыны осы жаман әдет елді жайлаған індет сияқты халқымыздың арасында салт болып бара жатқандай. Бір жерден қонақтан қайтсаң үйдегі бала-шағаң дастарханнан не ала келер екен деп күтіп отыратындар пайда бола бастағандай қазір. Қазірден сол әдеттен дәм татып, соған еті үйреніп өскен жас буынға бұл нәрсе сіңісті болып, әке-шешелерімізде осылай істеген деген жалғасты іс болып кетпес пе екен деп қорқамын. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Комментариев нет: