ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

понедельник, 20 июля 2015 г.

ЖОлПол қызметкерлері туралы - Жако атаның ойларынан

Осы жолпол қызметкерлерінің бұрыш-бұрыштан сығалап, бұталарды тасаланып аң аулаған аңшыдай күйде тұрған бейшара қалыптары жол апаттарының алдын алуға септігін тигізер ма екен? Олар сол тығылып тұрғанда "Келе жатқан көлік тәртіп бұзса екен, штраф салып ақша тапсам екен, апат болса екен"- деген мысық тілеу, арам ниетпен тұрады емес пе?
Ал соның орнына биік мұнаралардың (алысты байқау үшін) үстіне шығып, айшықты киіммен, аракідік дауыс зорайтқышпен айқайлап ескертіп тұрса, ал камералар жіберген қатеңді бас салып тіркемей, қайта үлкен мониторлар қойып алдағы тұрған МАИ қызметкерлерін көрсетіп, ескертіп тұрса қандай жүргізуші тәртіп бұзады. Негізі тәртіп бұзу қасақаналықтан емес, абайсыздықтан, шаршаудан, жаман жолдардың жүйкелетуінен, бір тектес сұрқай жолдың жадыны жалықтырып шаршатуынан, т.с.сияқты қосымша факторлардан болмайды ма? Олай болса онсызда жүйкелері сыр беріп жүрген жүргізушіні айыппұлмен қысып жүйке жүйесін одан ары тоздырғанша, жүргізушілерге көмектесіп жол апатын болдырмау шараларының тиімді жағын қарастырған дұрыс емес па? Жол тәртібінің бұзылуына, жол апаттарының орын алуына қарсы тиімді шаралар қолданудың орнына тығылып, жол тәртібін бұзса екен деген мысық тілеумен тұрған сол жолпол қызметкерлері тікелей кінәлі.

Комментариев нет: