ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 26 марта 2014 г.

Қаспан ауылы

Қаспан - Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Сарыөзек кентінен солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, 
Қаспан ауылына кіреберіс




Қаспан орта мектебі

Быжы өзенінің жағалауында, Шаған тауының оңтүстік баурайында, жусан, ши аралас бетеге, боз, селеу басым өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының жонды-белесті келген қуаң жазығында орналасқан. Тұрғыны 0,8 мың адам (2002). 1934-97 ж. сүт өндіретін Ленин кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 ж. Қаспанда және округке қарасты Көксай, Сайлыкөл, Шаған, Мұса ауылында өндірістік кооператив және 13 шаруа қожалығы құрылды. 1 орта мектеп, 1 орталау және 3 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады. 2011 жылдың көктемінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін автомобиль жолы жөнделінді.
Бұл елді мекен осы өңірде туып-өскен Қаспан әулиенің атымен аталған. Елді мекен Шаған тауының бөктері, Быжы өзенінің бойына орналасқан. Округ таулы және жазық аймақта орналасқандықтан климаты өте құбылмалы келеді.  "Өлеңді жерде өгіз семіреді" дегендей, таулы аймақ мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы.
1935-1945 жылдар аралығында шаруашылықты Окунев, Роде, Кузиндер басқарып, құрылыс қарқынды дамып орталықтарында клуб, дүкендер салынды.
Қаспан орта мектебі
Жазба сізге ұнаса және тағы да басқа қызықты блогтар оқығыңыз келсе алғысыңыз ретінде төмендегі әлеуметтік желілер арқылы бөлісуіңізді өтінеміз!