Суретте: 1968 жылғы Р-155П қабылдағышы |
үлкен
қашықтықтағы радиолинияға радиобайланыс
үшін арналған.
Құрылғы келесідей
жұмыстар жасауға арналған:
·
амплитудалы
модуляциясы бар екі жолақты телефонияны естуді қабылдау
·
амплитудалы
манипуляциясы бар телеграф жұмысын естуді қабылдау
·
төменгі
бүйірлік жолақтағыбіржолақты телефон жұмысын қабылдау;
·
жоғарғы бүйірлік жолақтағы біржолақты телефон жұмысын
қабылдау;
·
бір немесе екі бүйірлік жолақ бойынша екі
жолақты телефон жұмысын қабылдау(біржолақты тракті арқылы);
·
±5
кГц жиілік девиациясымен телефон жұмысының жиіліктік модуляциясын қабылдау;
·
жиіліктік
манипуляция кезінде бір немесе екі арна бойынша телеграфтық жұмысының әріп
тергіш аппаратын қабылдау:
-
50
бод жылдамдықты ЧТ-125;
-
50
бод жылдамдықты ЧТ-250;
-
50
бод жылдамдықты ЧТ-500;
-
150
бод жылдамдықты синхронды ДЧТ-250;
-
250
бод жылдамдықты асинхронды ДЧТ-250.
Р155П құрылғысы
келесідей шарттарда жұмыс істейді:
-
минус
10-нан плюс 50 0С температура аралығында ;
-
қоршаған
ортаның салыстырмалы ылғалдылығы 95-98% болған кезде және 400С
температурада;
-
желінің
қоректену кернеуі ±5% кернеуі өзгерісінде;
Р155П радиоқабылдағышының техникалық мәліметтері
Құрылғы 1,5-29,9999
МГц жиілік диапазонында жұмыс жасайды. Осы
диапазонда құрылғы кез келген 285000 бекітілген жиілікке икемделеді,
әрқайсысы 100 Гц-пен еселенген.
Құрылғының жиілік
диапазоны 6 ішкі диапазонға бөлінеді:
·
I
ішкі диапазон – 1,5-2,9999
МГц;
·
II ішкі диапазон – 3,0-4,9999 МГц;
·
III
ішкі диапазон – 5,0-7,9999
МГц;
·
IV
ішкі диапазон – 8,0-12,9999
МГц;
·
V
ішкі диапазон – 13,0-19,9999 МГц;
·
VI
ішкі диапазон – 20,0-29,9999 МГц
Құрылғы
баптаулардың келесідей режимдерін қамтамасыз етеді:
-
жиіліктің
кез келген диапазонында 1-0 В аспаптың алдыңғы панелінен декадты
ауыстырғыштарымен;
-
алдын
ала орнатылған 10 толқынның біріне.
Жиілік баптауларының қателігі (погрешность)
Р155П
құрылғысының жиілік баптауларының дәлдігі мен тұрақтылығы тіректік генератордың
жиілігініің тұрақтылығымен анықталады,
оның келесідей параметрлері бар:
-
тәуліктік
салыстырмалы тұрақсыздығы генератордың 4 сағаттық жылытуынан кейін 2,5*10-8
мәнінен аспайды;
-
ұзақ
уақыттық (6 айлық) салыстырмалы тұрақсыздық 1,2*10-7 мәнінен
аспайды.
Құрылғыны басқару
Қабылдағыштың
алдыңғы панелінен құрылғыны қолмен басқару және басқару пульті арқылы 150 м
қашықтықтан дистанционды басқару;
Басқару пульті
арқылы мыналарды жасауға болады:
-
құрылғының
қорек көзін қосу;
-
телеграфтық
сигналды қабылдаудан телефондық сигналды қабылдауға ауыстыру;
-
құрылғыны
алдын ала дайындалған 10 жиілікке күйін келтіру.
Жазба ұнаса төмендегі әлеуметтік желілермен бөлісу батырмаларын басыңыз және баға беріңіз жазбаға!