Сигналдар
генераторы дегеніміз – белгілі бір
табиғаты бар (электрлік, акустикалық және т.б.), берілген сипаттамалары (формасы, энергетикалық немесе статистикалық
сипаттамалары және т.с.с) бар сигнал алуға болатын құрылғы.
Генераторлар басқа да салаларда сигналдарды түрлендіруге , өлшеуге кеңінен
қолданылады. Қорек көзінен (өздік қозуы бар құрылғыдан, мысалы оң кері
байланысы бар тізбегімен құрсауланған күшейткіштен) және қалыптастырғыштан (мысалы
электр сүзгісінен) тұрады.
Автогенератор — өзіндік қозуы бар электронды генератор.Автогенератор - тұрақты ток көзінің қуатын
пайдаланып, өздігінен қозатын, белгілі жиіліктегі және амплитудадағы гармоникалық тербелістерді немесе белгілі бір ұзақтығы мен амплитудасы бар импульстік сигналдарды тудыратын электрондық
схема
Автогенератор автогенератордың шығысынан кірісіне оң кері байланыс
тізбегі бойынша айнымалы кернеуді беруді қолдайтын электрлік
(электромагниттік) тербелістерін жасап шығарады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий