ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

пятница, 12 февраля 2016 г.

Радиотолқындар ауқымы және оны пайдалану саласы

Электромагниттік бөгеуілдерді реттеудің қажеттілігі атмосфера арқылы радиосигналдарды тарату қиын емес екенін адамзатқа түсініктеме берді, шынында да оларды тоқтату күрделек болады.  Жердің беті өткізгіш болып қызмет етеді және радиосигналдарды сәулелендіреді. Ионосфера деп
аталатын амосфераның қабаттарында  күн сәулесі молекулаларды бұзып және оны иондайды, яғни олар өткізгіш бола алады. Сондықтан ионосфераның сипаттамаларының күндізгі және түнгі уақытта айырмашылығы бар, ал күннің белсенділігі, сондай-ақ ионосфераның күйіне әсер ете алуы мүмкін. Сондай-ақ ақпаратты тарату үшін пайдаланылатын байланыстың жүйедері мен түрлерінің қарқындап өсуі, электромагниттік толқындар радиожүйелердің электромагниттік сыйымдылығының мәселелеріне әкеледі. Осы мәселенің шешімі байланыстың әр жүйесіне жиіліктердің а у қ ы м ы деп аталатын жиіліктердің белгілі жолағын бөлу болып табылады.
Радиоспектр таратудың сипаттамаларымен айырмашылығы болатын ауқымдарға бөлінеді:
өте төмен жиілікті ауқым (ӨТЖ) суасты қайықтармен байланысу үшін пайдаланылады, өйткені тек ӨТЖ-сигналдары бірнеше метр тереңдіктегі су астында таратылады;
төменжиілікті ауқым (ТЖ) (300 кГц – 3 МГц) жақын байланыс үшін пайдаланылады, яғни ТЖ-сигналдардың радиуысы азғантай;
жоғарыжиілікті ауқым (ЖЖ) (3-30 МГц, осы ауқымдағы сигналдар, радиотолқындардың ионосфера және Жер бетінен көп рет сәулеленгеннің есебінен өте үлкен қашықтықтарға таратылады;
өте жоғары жиілікті (ӨЖЖ) (30-300 МГц), ультражоғарғы жиілікті (УЖЖ) (300 МГц – 1 ГГц) және аса жоғарғы жиілікті (АЖЖ) “1 ГГц жоғары) ауқымдар. Осы ауқымдардағы сигналдар тура көрілім шектерінде таратылады және ғимараттардан және басқа объектілерден шағылысады, ол таратқыштың аумағындағы қабылдау жағдайын жақсартады.

1.1 кестеде қазіргі уақытта пайдаланылатын радиотолқындардың жиіліктері,  ауқымдары және оларды пайдалану саласы келтірілген.


Комментариев нет: