ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 29 июля 2015 г.

"КРЫСИНЫЙ БЕГ" немесе "БЕЛКА В КОЛЕСЕ" - Ахметбек Нұрсиланың ойларынан

Ден саулықты түзеу, кәсіп ашу, бақуатты өмір сүру әр адамның өз қолында тұр! Біздің елде ең кедей ҚАЗАҚТАР, үй күйі жоқ ҚАЗАҚТАР ! Оған тек біз өзіміз кінәліміз! Кінәні сырттан іздегеннен ештеме өнбейді! Барлығы өз қолымызда!

Үйдің шаруасын- жұмыс, айлық Жал Ақыдан - келесі айлық Жал ақыға дейін, ары тартсаң ары, бері тартсаң бері жетпейтін өмірден жалыққан адамдар көөөп ақ. Бұны ғылым тілінде "крысиные бега" немесе "белка в колесе" дейді. Мойындағы қамыттан қажып, қалай қартайғаныңызды білмей қаласыз
Бұл сүреңсіз өмірді қалай өзгертуге болады? Бұл шеңберден қалай құтылып шығуға болады? Ол үшін не істеу керек? Неден бастау керек?
Менің түйгенім: Сіз осыған дейінге ойыңызды, өмір сүру салтыңызды өзгертпесеңіз еш нәрсе өзгермейді. Қалай өмірдің өтіп кеткенін де білмей қаласыз! Бұл шеңберді бұзу, өмірді өзгерту үшін сізге қосымша энергия, жаңа білім, басқадай көзқарастар керек! Оны қайдан аласыз??
Энергияны дене шынықтырудан ғана ала аласыз! Таңертең қалай да ерте тұрып жаттығу жасай бастаңыз, жексенбі күндері дүние күйіп кетсе де табиғатқа шығып серуендеңіз! Ол сізге не береді? Жаңа күш қайрат, қосымша энергия береді! Сол қосылған энергияны сіз өміріңізді өзгертуге жұмсай аласыз! Өмірді жаңа білім алу үшін қосымша энергия керек!
Жаңа адамдармен танысуға тырысыңыз. Өмірде бір нәрсеге қол жеткізген, қажырлы да, қайратты адамдармен араласуға тырысып бағыңыз! Ол да сіздің өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуге көмектеседі!
Жаңа кітаптар оқып, жаңа заманауи технологияларды меңгере бастаңыз. Сонда табыс көзін көре аласыз!
Осының бәрін Бизнес Бастаудан табасыз! Ең алдымен жексенбі күндері дүние күйіп кетсе де таңертен ерте тұрып 8 00 де Аль Фараби Навои көшелерінің қилысындағы Президент паркінің алдына келіңіз! Өміріңізді өзгертуді кейінге қалдыра бермей тезірек бастасаңыз, соғұрлым жетістікке де тез жетесіз!
Ден саулықты түзеу, кәсіп ашу, бақуатты өмір сүру әр адамның өз қолында тұр! Біздің елде ең кедей ҚАЗАҚТАР, үй күйі жоқ ҚАЗАҚТАР ! Оған тек біз өзіміз кінәліміз! Кінәні сырттан іздегеннен ештеме өнбейді! Барлығы өз қолымызда!

Комментариев нет: