Директорлық антенна толқын ұзындықтары метрлік
және дециметрлік диапазондарындағы телевизиялық кескіндерді қабылдауға және
таратуға қолданылады. Директорлық антенна (барлық арналы) әртүрлі диапазондағы директорлық антенналарды
бір мачтаға жинайды, олардың әрқайсысында рефлектор стрелкасында, директор және
активті вибратор орнатылған.
Директорлар мен рефлектор трапеция формасында
орындалған, ол трапецияның ұзын
және кіші ұзындықтары толқын ұзындықтарына сәйкес
таңдалады, қабылданатын диапазондардың жоғарғы және төменгі шекараларына
сәйкес. Трапецияның бүйірлік шеттері және олардың жалғасы болып аралық және шекаралық жиілік үшін директорлық
пен рефлектор қызмет жасайды. Сызбада жиынтықтағы барлық арналы антенна
көрсетілген. Дециметрлік диапазондағы антенна 1 директордан, 2 активті
вибратордан және 3 рефлектордан тұрады. Метрлік диапазонға арналған антенна 4
директордан, 5 активті вибратордан, 6 рефлектордан және 7 төрт трубкадан
тұрады. 2 және 5 антеннаның активті вибраторлары сәйкес келісетін ілмектер
арқылы бір фидерге шығарылады.
Техникалық нәтижесі жиіліктің жұмыс
жолағын кеңейту және баптауларын жеңілдету болып табылады.
Осы директорлық антенна құрылғысы
радиотехникаға , соның ішінде антеннаға жатады, сондықтан метрлік және
дециметрлік диапазондағы телевизиялық толқын ұзындықтарын үздіксіз таратуға
арналған.
Әртүрлі
арна не диапазонды бірнеше директорлық антенналар орнатылған мачта түріндегі
антенна бар. Осы антенналардың әрқайсысы металл жұқа қабырғалы трубадан не
шыбықтан активті вибратордан, рефлектордан және директордан тұрады.