Бұл өзінде видео мен аудиосы бар видеоконтейнер, avi форматынан ерекшелігі ол бірнеше тілде болуы
мүмкін, сондай-ақ ол өзінде видеоның бөлімдері туралы ақпарат, меню және т.б. –
яғни DVD-дің барлық функцияларын сақтай алады.
Осы ерекшеліктерден басқа mkv форматында аудио және видеодеректерді оңай шығарып алуға болады, бұған
арнайы редактордың қажеті жоқ.
Ең бастысы – AVI-ге қарағанда ол біршама жетілдірілген – үлкен файлдар ойнатылған кезде тоқтап қалулар мен үзілістер болмайды, бұл баяу жұмыс істейтін компьютерлерде жақсы байқалады.
Ең бастысы – AVI-ге қарағанда ол біршама жетілдірілген – үлкен файлдар ойнатылған кезде тоқтап қалулар мен үзілістер болмайды, бұл баяу жұмыс істейтін компьютерлерде жақсы байқалады.
Mkv форматының
avi форматынан бірнеше
артықшылықтарына тоқталайық:
Әмбебаптылығы: mkv-ның
ішінде MPRG, H264, AVC1, WMV және т. б. кодектермен сығымдалған видеодеректер бола алады.
Контейнер оңай өңделеді.
Аудио және видео деректерді оңай шығарып
алуға болады.
Үлкен көлемдегі файлдарды ойнатқан кезде
қатып қалу деген болмайды.
Қызметтік ақпараттарды сақтау бойынша
кеңейтілген мүмкіндіктер.
Аудиожолақтар (аудиодорожки) бірнеше
тілде болуы мүмкін.
Файлдар бойынша жылдам айналдыру (перемотка
).
Интернет арқылы трансляция жасау
Қателіктерге төзімділігі.
Matroska жобасы
мультимедиялық контейнерлердің форматының стандартын жасауға мақсатталынған. Ол
MCF жобасының дамуы болып
табылады, бірақ EBML-ға негізделген жобадан айтарлықтай ерекшеленеді(Extensible Binary Meta Language, кеңейтілетін екілік мета тіл).
Бұл видеоны сығымдаудың форматы емес.
Ол MP3 пен JPEG секілді музыканы не
суретті сығымдай алмайды, ол кодек емес.