Ең жек көретінім бос уайымдар. Ештеңе істей алмай, нәтижесі саған байланысты емес дүниелерді бір Буддаға/бюрократиялық жүйеге/ тапсырып, ал кеп уайым жесін. Кетсіншнах" - деп турникке тартылдып.
Тер шықты. Скакалкамен жарты сағат секіріп, балмұздақтай ерідім.
Бөгде ойлар сонда да қыса берді. Өзімді сосын штангамен жазаладым. Талған сайын тістене арқаланып, қинай бердім. Миға неғұрлым қатты қарқынды сигналдар барса, мұңайған әлжуаз ойды ығыстырып шыға ма деп, қайта тұрып, деміккен күйі жанталаса степперге он, ескекке он, велоға он, және қайтадан скакалкамен тағы он минут тоқтамай сілікпемді шығардым. Өлімсіреген күйі матыға сұлап түстім де, демалмастан прессіме жаттығу жасай бердім. Организм жылай берді, "қойдым, болдым, болдым, уайымы құрсын, тек азаптауыңды доғаршы, болды... Тоқтатшы!" деп әрбір жасушам жалбарынып, олардың хоры барлық ойлардың жаңғырығын басып, унисонмен ұли бастағанда, сүлгіні бетіме жауып, біраз уақыт көзімді жұмып жаттым. Қанға үлкен мөлшерде ытқып шыққан эндорфиннің ағыны терең қатпарда қалған үрей, күйік, жабығу мен налудың қалдықтарын шайып өтті. Кааайф.

Комментариев нет:
Отправить комментарий