Бір күні, адамның ойлау жүйесінің дамуы туралы сөз болып жатқан бір бағдарламаны көрдім. Әртүрлі жастағы балаларға талқылауға бір тақырып беріпті. Жалпы мәнісі мынадай:
" Бір жігіттің әйелі ауырып қалады. Осы аурудың тек бір ғана дәрісі болған екен, егер адам оны қабылдамаса, онда ол өледі. Бірақ, әлгі дәрі өте қымбат болған екен. Жігіттің осы дәріні алуға ақшасы жоқ екен. Соңында еркек ақырғы шарасын жасайды - ол осы дәріні ұрлап алады және әйелін сауықтырып аурудан жазып алады. Сұрақ: жігіт дұрыс жасады ма?". Таң қаларлығы, жасөспірім балалардың көпшілігі былай жауап берген: "Жігіт дұрыс жасамады , себебі ұрлауға болмайды".