ОСЫ ЖЕРДЕН ІЗДЕҢІЗ!

ЖАРНАМА

среда, 29 июля 2015 г.

Уәде - Құдай аты не «Сөздің құны» - Ахметбек Нұрсиланың Фейсбуктағы ойларынан

Өзіңе және басқаларға берген уәдені дер кезінде орындап үйренудің нақты тәсілі.
• Мақсаты жоқ адам қанатсыз құспен тең
• Мақсатсыз адам желкенсіз кеме, жел қайда айдаса солай жүреді
• Мақсатсыз адам жемісі жоқ терекке ұқсайды
Біздің көбіміздің нақты мақсаттарымыз бар: Бір істі бастап бітіргіміз келеді, бір жақсы заттар сатып алғымыз келеді… Бірақ орындалуға келгенде сол мақсаттардың 95% құр сөз, қиял жүзінде қалып қояды..

Мақсат қойып, оны тіпті жазып қойып та орындамау әдеттегі нәрсе болып барады..Мақсат қою деген бір түкке тұрмайтын, арзан нәрсеге айналып барады.. Құны кетіп барады.. Тілде тиек, ерінді жиек жоқ..
Егер берген уәдеңді орындай алмайтын болсаң, онды ауызды ауыртып уәде бермей ақ қойған дұрыс! Егер уәде бердің екен қайтсең де соны орындау керек! Берілген уәде орындалу үшін не істеу керек??
Қазақта «уәде – Құдай аты» деген сөз бар.
Қазақта «Уәде – Құдай аты» деп кімге уәде берсе де, орындауға барын салаттын қасиет болған!
Уәдеде тұрмаған, сөзі мен ісі алшақ адамды қазақ «оның өзі кім, сөзі кім» деп санаттан шығарып отырған!
Бизнесмен боламын деген адамның ең бірінші айтқан сөзі мен ісінің арасында алшақтық мүлде болмауы керек, соған үйренуі керек!
Оған қалай үйренуге болады?
Бірінші ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай бір мақсатты жазасыз
Сізді бір жаңа биіктікке, жаңа белеске көтере алатындай мақсат болу керек! Бір телефон сатып алу, костюм көйлек сатып алу сияқты көр жер нәрсе емес, мақсатыңыз қомақты, ұйқтасаңыз түсіңізге кіретіндей, ұйқыдан тұрғанда бірден еске түсіп, іске құлшындыратындай болу керек! Сіз соған қол жеткізгенде жаңа бір белеске көтеріліп, өміріңіз “осы мақсатқа дейінгі өмірім” және “осы мақсатқа жеткеннен кейінгі өмірім” дейтіндей болғаны абзал. Жылына ары кеткенде 3 рет осындай міндеттеме алу керек.
Бір бет қағаз алып соған үлкен әріппен мынандай қылып жазып соны өзіңіздің жұмыс орныңызға қабырғаға іліп қойыңыз:
Уәде: Мен Жұмахан Құмар, 2015 жылдың аяғына дейін өз бизнесімде 5 миллион таза табыс табамын деп уәде беремін!
Сөзіңде тұра аласың ба не Сөздің құны
Осындай міндеттеме- уәде орындалу үшін ол сөздің құнын белгілеу керек, онсыз уәденің орындалуы екіталай дүние. Ол үшін сіз егер де осы уәдеңізді орындай алмасаңыз белгілі бір қомақты соманы бөтен біреуге беру керек боласыз.
Мысалы:
Егер де мен берген уәдемді орындай алмасам, онда балалар үйіне 200 000 теңге беремін. Бұл сізге қамшы ретінде болады.
Әрине 5000 теңге беремін деп жазсаңыз да болады, сөзіңіздің құны соншалық тұратын болса)))
Осыдан кейін уәде орындалған жағдайда қанша беретініңізді де шешіп алуыңыз керек. Егер де 5000 000 теңге таза пайдадан 100 000 теңгесін қайырымдылыққа көзі қимаса, ондай адам ол бес миллионды таба алмайды да, тапса да тез арада оған қол жеткізе алмайды. Ол ақшаны жүрегіне түсіріп алған адам, оның рахатын да көре алмайды..
Сонымен мәтін былай болып шығады:
Уәде: Мен Жұмахан Құмар, 2015 жылдың аяғына дейін өз бизнесімде 5 миллион таза табыс табамын деп уәде беремін! Егер де мен берген уәдемді орындай алмасам, онда балалар үйіне 200 000 теңге беремін. Бұл сізге қамшы ретінде болады. Ал уәдемді орындасам 100 000 теңге беремін.
Егер сіз ұтылып қалсаңыз, ақша төлемей кетуіңізге болады ма? Әрине, болады. Онда бұдан кейін ауыз өзімдікі деп айтпай ақ қойсаңыз болады. Енді сіздің сөзіңіздің құны көк тиын!
Жол ортада сөзіңізді кері алып, ақша төлемей бас тартуға болады ма? Болады. Бірақ онда МАҚСАТ деген сөз сіздің сөздік қорыңыздан жоғалады. Өмірдің мағынасымен бірге.
Соған келіссеңіз онда алға, өзіңізді де, елді де алдай беріңіз..
Жетекші
Жетекші бұл әдістің ең басты құралы. Өзіңді өзің алдау оңай, бірақ басқа адамды алдау қиынға соғады. Жетекші - куә және сіздің уәдеңіздің орындалуына кепілдік беретін адам. Сіздің уәдеңіздің бос сөз емес, шынайы екеніндігін куәлап қол қоятын адам. Сіз жетекшіні өзіңіз тағайындайсыз.
Жетекші сіз қатты құрметтейтін адам болу керек. Ол кісінің сіз туралы ойы мен құрметі сізге өте маңызды болу керек.
Жариялық
Егер берген уәдеңіз столыңыздың тартпасында жатса, онда сіздің де орта жолда қалып қоюңыз әбден ықтимал. Бірақ та, сіздің уәдеңізді барлық таныс, жақындарыңыз көретін болса, онда орта жолдан қайту сізге өте қиын болады. Сайт, әлеуметтік желі, офистегі қабырға, ата анаңмен, достармен
әңгіме барысында бөлісу – бәрі жариялылыққа жатады.
Қолдану. Үлкен мақсаттар, өз өзіңе сену
Бұл әдіс өз өзін, қамшылап, өзін тәрбиелеп, жетілдіруге тырысатын адамдарға ғана арналған ( «нан шайымыз бар, басымыз аман, осы өміріме де шүкір» дейтін адамдарды есепке алып отырған жоқпыз). Көптеген адамдар күйбең тірлікпен, өгіз аяңмен, онша жанын қинамай, тәукелге бел байламай ақ жүргісі келеді. Осы айда 100 000 тапсам, келесі айда 130 000, жылдың аяғына дейін 150 000 теңге.
Бұндай аяңмен сіз ешқашан да жақсы көлікті де, жақсы үйді де, жақсы тұрмысты да бұл өміріңізде көре қоюыңыз неғайбыл..
Мақсатыңыз неғұрлым қомақты, биік болуы шарт. Сіздің қазіргі табысыңыз болмаса сіздің қолыңыздан не келіп, не келмейтіні жайлы сіздің нағашы апаңыздың ойының бұл жерге қатынасы болмау керек. Тіпті сіз дәл қазір сол мақсатқа қалай қол жеткізетініңізді білмесеңіз де, уәде беріп, міндеттемені алыңыз да сөзіңіздің құнын белгілеңіз – артқа қайтар жолды кесіп тастаңыз, көпірді өртеп жіберіңіз.
Адамның миының керемет жасалған құрал. Ол әрқашан сіз қойған есептің жауабын сізге тауып береді. Егер сіз шынайы, уәдеңізді орындай алмай қалған жағдайдағы бүкіл жауапкершілікті мойыныңызға ала отырып, мойныңызға міндеттеме алып, 70 000 теңге емес, миллион теңге табамын деп уәде берсеңіз, миыңызда сізге соның жолын көрсетіп береді.
Бір уәдеңізді орындап алған соң сізде өзіңіздік күш жігеріңізге деген сенміділік туындайды, содан соң алдыңызға жаңа, одан да биік мақсаттарды қоя бастайсыз.
Неге қаржылай мақсатты қаржы мөлшерімен қою керек? Жасыратыны жоқ қазірге кезде қаржы қыспағын көрмей жүрген қандастырымыздың саны саусақпен санарлықтай аз. Өзіңізді қаржы қыспағынан шығарып алсаңыз, қаншама туыс, достарыңызға көмегіңіз тиер еді, жарлы- жақыбайлар, жетім жесірлер де елімізде жетіп артылады.
Қандай соманы міндетке алған дұрыс?
1. Бірінші фактор - Мөлшері өте маңызды, бұл жерде кеуде керек.
Өзің осы қиялдаған соманы қалай табу керек екенін білмейтін соманы қою керек. Егер білсең оны осы кезге дейін табатын едің ғой, солай емес пе?
2. Екінші – сенім. Сіз өзіңізге сенуіңіз керек.
Егер осы кезге дейін 70 000 теңге жал ақы алып жүрсеңіз, әрине 500 000 теңге өте көп сома. 150 000 теңге деп, бірақ өз ісіммен табамын деп қойсаңыз болады. 150 000 теңге табыс тапқан соң, келесі баспалдақты 500 000 деп қойсаңыз әбден болады. 500 000 теңгеден соң - 2 миллион деп өсе бересіз.
Жүрмей жатып жүгіруге болмайды.. Алдымен еңбектеу керек, содан кейін қаз тұрасыз, содан кейін жүре бастайсыз, содан кейін барып жүгіруге болады.
«Бір ақ секіріп шығам деп, бір ақ қарғып түсем деп мертігеді жатады», деп Абай хакім айтқандай болмау үшін..

Комментариев нет: